Атырау, 18 сәуір 05:18
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ресей соты Яценюкті тұтқындауға ордер берді

1 570 просмотра


Ресейдің Ессентуки қалалық соты 27 наурызда Украинаның бұрынғы премьер-министрі Арсений Яценюкті тұтқындауға ордер берді. Сот қаулысында Яценюкті ұстауға халықаралық ордердің 21 ақпаннан бері күшінде екені айтылады.

Ресей билігі Яценюкті 1990 жылдардың ортасында Шешенстандағы қарулы топ қызметіне және Ресей әскеріне қарсы әскери қимылдарға қатысты деп күдіктенеді. Яценюк Facebook-тегі парақшасында Украина билігі өзін ұстауға ордер берілгенін хабарлағанын растады.

2015 жылы қыркүйекте Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин Яценюкті "Шешенстандағы соғыс қимылдарына қатысты және Ресей сарбаздарын азаптап, өлтіруге қатысы бар" деп айыптаған.

Дереккөз: Азаттық

28 наурыз 2017, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.