Атырау, 19 сәуір 06:52
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Қазақстанда интернет билікке қызмет етеді", "Тайжанның таңдаған жолы дұрыс па?", "Қазақстан мен Әмірліктерді салыстырған дұрыс па?", "Келесі Президент Әсет Исекешев болады ма?", "Қазақ тіліне қарсы әрекеттер тоқтатылсын!"

2 247 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстанда интернет билікке қызмет етеді" - Батыс баспасөзінде КИМЭП профессорының Қазақстанда билік интернетті өзіне қызмет еткізіп қойғаны жайлы мақаласы шықты. Алматы тағы да әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді.

"«Терроризм» үшін 8 жыл түрмеде отырса да «түзелу жолына түспеген»" - Мүмкіндігі шектеулі астаналық тұрғын Жасұлан Сүлейменов түрмедегі сегіз жылын көбінесе кереуетте таңулы күйде өткізген. Ол терроризм айыбымен сотталған, бірақ ол қазір де өзін жазықсыз санайды.

"Ұлттық ойындарды олимпиадаға енгізу жоспары" - Қазақстан ұлттық спорт түрлерін әлемдік жарыстар бағдарламасына кіргізгісі келеді. Сарапшылар қазақтың ұлттық ойындарын олимпиада бағдарламасына енгізу қиын дейді.

TENGRINEWS.KZ. "Қандай жағдайда БЖЗҚ-ға салым салмауға болады?" - Қазақстанда жұмыс істейтіндердің басым бөлігі БЖЗҚ салымшылары - жүйеде 10 039 482 есеп ашылған. Алайда кейінгі кезде азаматтар салымдарының қауіпсіздігі мен үкіметтің инвестициялық саясатына күмәнмен қарап отыр. Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ-ға салым салудан бас тартып, қартайған шақта зейнетақысыз өзін қамтамасыз ете аламын деген жандар үшін материал дайындады.

365INFO.KZ. "Қазақстан мен Әмірліктерді салыстырған дұрыс па?" - Біреу білер, біреу білмес. Қазақстан енді ғана Тәуелсіздігін алғанда Елбасы «біздің ел екінші Кувейт болады», деп жар салған еді.

"«Жер мен байлық түбінде халыққа қайта бөлінуі керек» – Тоқтар Есіркепов" - «Халық алданып қалды. Кешегі жаппай жекешелендіру кезінде қара халық ештеңе алған жоқ», дейді экономист Тоқтар Есіркепов.

ABAI.KZ. "Қазақ тіліне қарсы әрекеттер тоқтатылсын!" - Конституциядағы соңғы өзгерістер тұрақты дамитын ашық қоғамға көшудегі толыққанды реформаға айналу үшін, осы уақытқа дейін қабылданған адам құқығы мен сөз бостандығын шектеп, митингілерге тиым салатын қоғамның қауіпті ісігіне айналған тоталитарлық жүйенің заңдарынан арылу керек. Бұл мәселелерді шешу, елдің әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан диктаторлық режим» деген қара күйеден арылуы, қоғамның жан-жақты дамуына жол ашып, «араб көктемі», Украина т.б. елдердегідей төңкерістерден аулақ қылады.

"Тиесілі зейнетақымды алмайынша – өлмеймін..." - Елдегі келеңсіз жағдайлардың бетін ашып, әділеттіліктің жолын сұрап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа 1989 жылдан бері 42 хат жазып, ендігі 43-хатты біреулерге жаздырып отырған – 95 жасқа аяқ басқан қарт, мүгедек әже деп біліңіздер.

DALANEWS.KZ. "Тайжанның таңдаған жолы дұрыс па?" - Біздің елде өздерін оппозициялық күштердің серкесі санайтын ағаларымыз сынауды ғана меңгерген, ал күресуге икемсіз. Сондықтан болса керек, билікпен мәмілеге келіп, мәселе шешуге ұмтылған азаматтарды «сатқын», үш әріптің «тапсырмасын орындаушысы» деп сыртынан айдар тағып, өз бағасын беретін жаман әдет қалыптасқан.

QAMSHY.KZ. "Аштықтың құрбаны болған қазақтарға мемлекет бірде бір арнайы акт қабылдамады" - Әлемнің барлық дерлік мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бірінші кезекті мемлекеттік шара ретінде өз халқының азаттығы, өз жерінің біртұтастығы мен бүтіндігі, өз елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ұл-қыздарының (қаза тапқан және көзі тірі) тағдыры, көрсеткен ерлігі жөнінде шешім қабылдады. Олар өз Отанын, өз жерін қорғаушыларды ұлттық батыр дәрежесіне көтеріп, ұлықтады.

ҚАЗТАГ. "Үміт Шаяхметова: Мемлекет банк секторын сауықтыруға деп бөліп отырған сома өзгеруі мүмкін" - Қаржыгер жұртшылықтың назарында банк секторын мемлекеттік қолдау және «Қазкоммерцбанк» (ҚКБ) акцияларын Қазақстан Халық банкінің сатып алу бойынша орын алуы мүмкін мәміле. Және де ол мәміленің салдары бүкіл банк секторына қалай ықпал етері беймәлім. Мемлекет тарапынан банк секторын қолдау және ҚКБ акцияларын «Халық банкі» сатып алуы қаншалықты тиімді екендігін біз ҚХБ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметовадан айтып беруін сұрадық. 

QAZAQUNI.KZ. "Келесі Президент Әсет Исекешев болады ма?" - Соңғы уақытта Елбасының саяси мұрагері кім болады деген сауал отандық саясаттанушылардың жиі көтеретін мәселесіне айналды. Саясаттанушылар былай тұрсын, бұл сауал елдегі көріпкел мен балгердердің де басты тақырыбына айналғанын қайтерсіз…

EGEMEN.KZ. "Ел құшағына енген Мұстафа" - Сонау Парижде тар жол, тайғақ кешуде жүрген күндерінде елін ойлап Мұстафа Шоқай: «Жалаңаяқ, жалаң бас, көгалды шалғынды аралап, түрлі құстар дауысын естіп, уайымсыз-қайғысыз, Сыр суына шомылып жүрген бала кездерімде болашақ тағдырым қалай боларын ойлаппын ба?» деп ауыр күрсінген екен. Сонда да қиындықтарға мойымай, халқының азат ел болуын ойлап, жат елде жүрсе де Түркістанның азаттығы үшін бір сәтке күресін тоқтатқан емес.


27 наурыз 2017, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.