Атырау, 19 сәуір 17:09
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Димаштың талантына тәнті болған француз қызы «Дайдидауды» қазақ тілінде айтты

2 736 просмотра


Миллиардтардың мекенінде жүріп күллі әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері қазақтың тіліне, әніне қызығушылық білдіре бастады. Бұл сөзімізге «Дайдидау» әнін қазақ тілінде орындаған француз қызы дәлел бола алады.

Өзін Клариспін деп таныстырған бойжеткен Францияның Реньон аралында тұрады екен.

«Бүгін маған сіз және сіздің талантыңыз жайлы ойыммен бөлісудің мүмкіндігі туып отыр» дейді ол. Тіпті Димаштың талантын суреттеу үшін сөзі жетпейтінін айтады.

«Мен, сіз өз өнеріңізбен соғысты тоқтата аласыз деген бір адамның пікірін оқыдым. Осымен-ақ барлық жақсы сөз айтылған секілді. Шындығын айтқанда, мен ән айту барысында мұндай сұлулық, мұндай эмоция, мұндай махаббат болғанын ешқашан естімеппін, көрмеппін. Бұл керемет! Бұлай мүмкін бе? Сізге үлкен рахмет. Шексіз талантыңызды бізбен бөліскеніңізге рахмет. Мұның оңай емес екенін білеміз», - дейді Кларис.

Сонымен қатар, ол Димаштың 1 апта ішінде өзге тілдердегі өлеңді меңгеріп алатынына таңданысын жеткізген.

«Енді сіздің тіліңіздегі әнді меңгеру кезегі бізге келді. Менің Дайдидауды айтқан себебім, бұл әннің сіздің жүрегіңізге жақын екенін білемін», - дейді француз қызы.

Дереккөз: Baq.kz

27 наурыз 2017, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.