Атырау, 29 наурыз 02:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Бізге жеңілдікпен несиелер береді»

4 510 просмотра

Махамбет пен Қызылқоға аудандарында шаруа қожалықтары мен жеке шаруалардан құрылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері өз жұмыстарын бастап кетті.

Қызылқоға ауданында өткен жылы құрылған «БірлікМиялы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрамына 88 адам мүше болып кірген.  

Кооператив басшысы Айжан ИЗИМОВА кооперативке мүше тартудың оңай болмағанын айтады:

- Мен кооперативке мүше тарту үшін бірнеше айымды сарп еттім. Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тайсойған округтерінде болып, ауыл адамдары арасында түсінік жұмыстарын жүргіздім. 

- Кооператив немен айналысады?

- Біз бүгінде мал бордақылаумен айналысуды міндетімізге алып отырмыз. Біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз зор, мал және сүт өнімдерін шығарып, қымыз дайындау, бау-бақша өсіруді жоспарлап отырмыз.

- Кооперативке мүше болып кірген адамдар қандай пайда көре алады?

- Бізге үкімет тарапынан шаруаларға мүмкіндік беріп, қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Әрбір мүше 1 млн және 4 млн теңге шамасында қайтарымы 6 пайызбен несие ала алады. Несиені қайтаруға алты ай каникул беріледі. Осы уақыт ішінде бір малды 150 мың теңгеге сатып алуға болады және жемшөпке 700 мың теңге қаралған. Алты айдан кейін өз ауласында малды бордақылап, кооперативке етке тапсырады. Одан кейінгі етті өткізу өз мойнымызда. Нарыққа өнімді шығарғаны үшін субсидия беріледі және әрбір бас малды бағып-күткені үшін 20 мың теңге қайтарымсыз қаржы беріледі.

- Бүгінде несие алып, жұмысын бастаған кооператив мүшелері бар ма?

- Бар, жеке шаруалар мал сатып алу үшін жалпы сомасы 166 млн теңге несие алды. Кооператив 20 млн теңгеге модульный цех алу үшін Ресеймен келісімшартқа отырды. Оның 10 млн теңгесі қайтарымсыз несие болса, ал қалғанын бөлігін біз бес немесе жеті жыл ішінде кері қайтаруымыз қажет.

Махамбет ауданы  Таңдай ауылында 36 мүшесі бар «Бақсай» ауыл шаруашылығы кооперативі құжаттама ресімдеу жұмысын толық аяқтап үлгерген. Кооператив мал бордақылап, сатумен айналысуды көздеуде. Бүгінде әзірге 11 адам жеңілдетілген несиеге қол жеткізген.     

- Мүшелер несие алғасын белгіленген тәртіппен мал және техника сатып алады. Жақында жер телімдерін де бере бастаймыз, - дейді «Бақсай» АШ ӨК басшысы Асхат ИМАНБАЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА     

27 наурыз 2017, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.