Атырау, 29 наурыз 10:19
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бес қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза болды

3 768 просмотра
Көрнекі сурет

26 наурызда Атырауда шамамен сағат 22-де Стройконтора маңы Молдағалиев көшесіндегі бес қабатты 33 «а»-үйдің шатырынан 27 жастағы ер адам құлап түсті. 

Атырау облыстық ТЖД хабарлағандай, бұл адам теледидар антеннасын бекіту үшін шатырға шығыпты. Төменге құлап, подъездің күнқағарына түскен. Құтқарушылар альпинистік саймандарды қолданып, оны зембілге салып түсіріп, «жедел жәрдем» қызметкерлерінің қолына табыс етті. Медиктердің көмектеріне қарамастан, зардап шегуші облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде алынған зақымдардан көз жұмды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

27 наурыз 2017, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.