Атырау, 20 сәуір 03:38
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Первый канал" Eurovision-нің ұсынысын қабылдамады

1 786 просмотра


Ресейдің "Первый канал" мемлекеттік телеарнасы Eurovision байқауын ұйымдастырушылардың байқауға Ресей атынан үміткер Юлия Самойлованы қашықтан қатыстыру туралы ұсынысын қабыл алмады. Бұған дейін Украина билігі Самойлованың Украина территориясына кіруіне тыйым салатынын мәлімдеген. Телеарна ұйымдастырушылардың ұсынысын "оғаш" және "шараның өз мән-мағынасына қайшы келеді" деп атады.

"Первый каналдың" ұсынысқа білдірген комментариінде байқау ережелерінің бірі - қатысушының "сахна алдында жанды түрде" өнер көрсету екені айтылады. Телеарна Еуропаның телехабарлар тарату одағы "ресейлік қатысушыға арнап жаңа ережелер ойлап таппауы тиіс деген пікір білдірген.

Женевада орналасқан және байқауды ұйымдастыратын Еуропаның телеарна хабарларын тарату одағы Киевтің Самойловаға заң бұзғаны үшін Украинаға кіруіне үш жылға дейін тыйым салу шешімін сынады. Украина билігі тыйымды Самойлованың 2015 жылы Ресей аннексиялап алған Қырымда ән айтқанын себеп қылып салған болуы мүмкін. Ресей сыртқы істер министрлігі 22 наурызда бұл тыйымды сынап, Украина билігін "русофобиялық паранойямен уланған режим" деп атады.

Дереккөз: Азаттық

24 наурыз 2017, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.