Атырау, 25 сәуір 03:04
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қазақ ұлтшылдығы қандай болу керек?", "Наурыз мерекесін "реформалау" қажет", "Ресей журналисінің Қазақстанға келуіне қарсылық пайда болды", "Киевте Кремльді сынаған ресейлік экс-депутатты атып өлтірді", "Терроризмге тоқтау бар ма: не себепті Ұлыбритания

2 440 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Киевте Кремльді сынаған ресейлік экс-депутатты атып өлтірді" - Украина астанасында Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Денис Вороненковты атып кетті.

"Ресей журналисінің Қазақстанға келуіне қарсылық пайда болды" - Әлеуметтік желілерде ресейлік журналист Владимир Соловьевтің Қазақстанға келуіне қарсылар бар. Ал журналистің өзі ол азаматтарды «психикалық ауытқуы бар адамдар» деп сипаттады.

"Оңтүстік Қазақстанда 886 адам «кедейлік шегінде» өмір сүреді" - Аймақта тапқаны ішіп-жемі мен киім-кешегіне, үй-жайы мен керек-жарағына толығымен жете бермейтін жүз мыңдаған адам бар.

ZHASALASH.KZ. "Біз кешірейік..." - Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз – жаңарумен қатар, жамандықтан арылу, оның ішінде өкпе-ренішті доғарып, кешіріммен қарау күні. Былтырғы Наурыздан бергі күнтізбені парақтасақ, бұқара мен биліктің бірін-бірі кешіретін жағдайы шаш етектен.

"Қазақ ұлтшылдығы қандай болу керек?" - Құдай уә тәбәрәка тағала қасиетті құрани кәрімнің «Құжра» сүресінде: «Бір-біріңді тану үшін сендерді жер бетінде түрлі ұлттар мен ұлыстарға бөліп жараттым», – дейді. Қазақ – әлімсақтан мұсылман жұрт. Ендеше, бұл – түп сенімнің анық сөзі. Анық сөздің мөлдіреп көрініп жатқан астарынан түйетініміз мынау – Аса рақымды Алла тағала адамды ұлттар мен ұлыстарға бөліп жаратқандықтан, әр адам қай ұлттың қатарынан жаратылса, сол ұлтты сүюі, ана тілінде сөйлеп, ата дәстүрін ұстануы, құндылықтарын құп алып нығайтуы, қажет кезде ұлтқа тиесілі жерді қорғауы, ұлт жолында қызмет етуі – Жаратқанға жақ іс. Яғни ұлтшыл болу – сүннет. 

"Досай КЕНЖЕТАЙ, теолог, профессор: ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫ РЕТТЕУ КЕРЕК" - Шетелде білім алуға қарсы емеспін. Себебі өзге елдердің жүйе, құқық, білім беру, мәдениет, тәртіп, тіл, ойлау жүйесін өз елімен салыстыру арқылы адам шыңдала түседі, өрісі ашылады. Сондықтан президенттік «Болашақ» бағдарламасын қолдаймын. Оның ішкі мазмұны басқа мәселе, әрине. Бұл жердегі сөздін құбылысына қатысты болмақ.

ABAI.KZ. "Наурыз мерекесін "реформалау" қажет" - Қасиетті Жер-ана ақ көрпесін ысырып тастап, жасыл желекті көйлегін киді. Күннің көзі күлімдеп, ғалам мейірімді бір ананың кейпіне еніп, тіршілік атаулы жаңарып, жаңғырып жатыр. Әз-Наурызда төл жаңа жылымыз да босағамызды аттап, адамзат атаулы шат-шадыман күйге енген. Ақ жаулықты аналарымыз қыстан қалған бар жылы-жұмсағын қазанға салып, наурыз көже пісіріп, мәре-сәре. Әрине, әр қазақ баласы келер жылдан тек жақсылық күтетіні хақ. Сол үміт еткен жақсылықтың баянды болмағы, Әз-Наурыз өз биігінен, өз орынтағынан көрінуі үшін не істемек керек? Біздің бүгінгі сұрағымыз осы… Мәселен, төте жолды «Әз-Наурызды шекараны жауып тастап тоғыз күн тойлау керек пе?» деген сауалдың астарынан іздеп көрелікші.

""Интеллектуальдық ұлт-2020" бағдарламасын қалай іске асырамыз?" - Президенттің «Интеллектуальдық Ұлт-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Ұлттың алдындағы бірінші міндет, оның санын өсіру болып тұрған жағдайда мемлекеттің стратегиясы осы мәселелерді шешуге жұмылдырылып, демографиялық саясатта төмендегідей кезек күттірмес шараларды іске асыру керек.

365INFO.KZ. "«Өзбек құрлы жоқпыз ба?». Наурызды тойлаудың ерекше дәстүрі бар екен" - Наурыз мейрамы өз биігінен, өз орынтағынан көрінуі үшін не істемек керек? Abai.kz сайтының тілшісі Қанат Бірлікұлы осы турасындағы ой-пікірін ортаға салған екен. «Мәселені «Әз-Наурызды шекараны жауып тастап тоғыз күн тойлау керек пе?» деген сауалдың астарынан іздеп көрелік», депті журналист.

QAMSHY.KZ. "Терроризмге тоқтау бар ма: не себепті Ұлыбритания террористердің жаңа нысанасына айналды?" - Еуропаға терроризм толқыны 2015 жылы келген соң, Ұлыбритания да оның құрбанына айналғандай...

DALANEWS.KZ. "Байбек: «Қазақ тілінде сөйлеу керек»" - Алматыдағы  биылғы Наурыз мерекесі  кең көлемде  өтіп, нағыз халықтық мерекеге айналды.  Қаланың екі жерінде –  Астана  алаңы мен  Алатау ауданындағы  Атлеттер ауылында  Ұлыстың Ұлы күніне арналған концерттік шараларға 700-ден астам әншілер қатысты.  Ұлттық салт-дәстүрлердің барлық түрі қамтылған  мереке  Ұлыстың Ұлы күнін қыздыра білді.

"Сатыбалды Нарымбетов: «Қазақфильмді» «Хабар» мен «Қазақстанмен» салыстырмаңыздар!»" - Жас ұрпақ өсті ғой. Біздің де жас ұрпақ өзін дəлелдеу үстінде. Əзірге авангард. Біздің жастар Ресей киногерлерімен иық тірестіріп, үзеңгілес келе жатыр. Көрермен арасында құрғақ шөппен ауыз сүрте беретін тенденция бар: «Қазақ киносы оңбады ғой», – дейді. Олар қазақ киносымен жөнді таныс емес. «Қазақфильмнің» туындыларын «Хабар», «Қазақстан» сынды телеарналардың түсіріп жатқан сериалдарымен салыстырады. Ол кино емес, телевизиялық жоба. Əсіресе, жас көрермендерге айтқым келетіні, титрды оқу керек. «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» деген жазуы болса, біз оған жауап береміз.

ҚАЗТАГ. "Ринад Темірбеков: Мемлекет пен ҮЕҰ қоғамдағы өзгерістер туралы есеп беруді үйренуі тиісті" - Қазақстанның үкіметтік емес секторындағы соңғы үрдістердің бірі ҮЕҰ көрсеткен қызметі үшін ақысын үкімет төлейді – халықаралық ұйымдардан гранттар азайып, олардың орнына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс келіп отыр.


24 наурыз 2017, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.