Атырау, 19 сәуір 19:40
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Наурыз мейрамынан кейін теңге әлсіреді

2 334 просмотра


Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында төмен түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316,56 теңгеге тең болды. Еске салайық, 18 наурызда доллар бағамы 315,55 теңге болған.  Таңғы сауданың бірінші келісімі 316,50 теңгемен өтті. Максималдық құны 316, 65 теңге болды, ал минималдық құны - 316,15 теңге. Сауданың жалпы көлемі 38,2 миллион долларға жетті. 

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 316-316,7 теңге аралығында. Мұнай бағасы 24 наурызда Астана уақытымен 11.00-де сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 50,72 доллар болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz


24 наурыз 2017, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.