Атырау, 19 сәуір 10:45
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Полиция Лондонда теракт жасаған адамның есімін атады

1 812 просмотра

Ұлыбритания парламентінің ғимараты алдында полиция қызметкеріне шабуылдап, тұрғындарды қаққан адамның есімі - Халид Масуд. Бұл туралы Лондон полициясы хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Масуд 52 жаста болған, ол Уэст-Мидлендс ауданында тұрған. Масуд қару сақтап, адамдарға шабуыл жасағаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше мәрте сотталған. Олардың арасында терроризмге қатысты іс болмағаны хабарланды. Құқыққорғау органдары оның теракт жасайтынынан хабарсыз болған.

22 наурызда Вестминстер көпіріндегі Ұлыбритания парламенті ғимаратының алдында Масуд бірнеше адамды автокөлікпен қақты. Одан соң ол парламент алдында күзетте тұрған полиция қызметкеріне шабуылдады. Теракт салдарынан үш адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған болатын.

Теракт жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алды.

Дереккөз: Baq.kz

24 наурыз 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.