Атырау, 20 сәуір 19:19
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

2 638 просмотра

ТАЕКВАНДО

Дондағы Ростовта жасөспі-рімдер мен кадеттер, юниор-лар арасында таеквондодан халықаралық «Don Cup»  турнирі өтті. 

Облыс  құрамасында Бекежан Аманжанов (45 келіге дейінгі салмақта), Бейбарыс Нұрбаев (48 келіге дейін) және  Жадыра Хайруллина (63 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды, Мерген Ғайниев (73 келіге дейінгі салмақта) қола медалды иеленді. 

***

БИЛЬЯРД

Атырау қаласының бильярд қауымдастығы  жыл сайын негізінен жас спортшылар қатысатын көптеген турнирлер өткізіп отырады. Жақында жастары елуден асқан бильярд әуесқойлары үшін турнир өтті.  

Жарысқа 30 спортшы қатысты. Ардагерлер «Мәскеу пирамидасын» ойнады. Турнир қатысушыларының ақсақалы 69 жастағы  Бөлек Әбдиұлы Әлменбаев болды. Жастарына қарамастан Юрий Кустодинчев, Сәрсенбай Мыңбаев, Алексей Фокин, Юрий Толстов және басқалары жақсы ойнай білді. Ойын қорытындысы бойынша үшінші орынды Тоқтамыс Жұмағұлов пен Юрий Вовк бөлісті,  екінші орынды танымал бильярд ардагері Юрий Ли иеленсе, ал Жолдасқали Аймұратов жеңімпаз атанды.

***

АРМРЕСТЛИНГ

Алматыда ерлер, әйелдер, жасөспірімдер  және ардагерлер мен мүгедектер арасында  армрестлингтен ҚР чемпионаты өтті.

Жарыста Атырау облысының намысын облыстық мүгедектер спорт клубының төрт спортшысы қорғады. Олардың бірі – Нұрхан Бергенбай – қола жүлдені еншіледі. Клуб жаттықтырушысы Нұрберен Әміржановтың айтуынша, Нұрхан сәуірде қырғыздың Шолпан-Ата қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамға енген. 

***

БАСКЕТБОЛ

12 наурызда Алматыда «Достық» спорт кешенінде «Астана» және «Атырау барыстары» командаларының арасында баскетболдан ҚР кубогінің ақтық сайысы өтті. 

Астаналықтар бірден басымдық танытты (алғашқы 10 минуттың қорытындысы – 18:8 болып солардың пайдасына шешілді) және осы қарқынды матч аяғына дейін ұстана білді, ақыры ойын 66:46 есеппен солардың жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде «барыстықтарға» кубоктің күмісі бұйырды. 





23 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.