Атырау, 25 сәуір 12:54
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ертіс» «Атыраудың» жағдайын одан әрі қиындатты

Сурет
3 309 просмотра

18 наурызда 2017 жыл маусымында Атырау ФК-ның алғашқы жергілікті матчы өткен «Судоремонтник» стадионында ауа-райы бұлыңғыр әрі ылғалды болды. Матч бойына қар ұлпалары жауып тұрған жасанды газонда қожайындар павлодарлық «Ертісті» қабылдады.

«Ертіс» - титулды, қауіпті бәсекелес, еліміздің 5 дүркін чемпионы. Рас, соңғы жылдары аса керемет жетістіктер көрсетпесе де, маусым басталар алдында үнемі алтын алқаға үміткерлер қатарында болады. Алғашқы 15 минутта қожайындар «Ертістің» айыппұл алаңын қоршап алды, алайда еш жалынсыз, нәтижесіз ойнады. Содан кейін меймандар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Әсіресе, ЖИВКОВИЧ  деген футболшының қарсыластарының қорғанысын әлсін-әлі бұзып,  сол жақ қапталдан шабуыл жасағаны қауіпті болатын. Дегенмен де, «Атырау» бірінші таймда өз қақпасын қорғай білді.


Екінші таймда «Ертіс» қожайындар алаңының жартысын иемденіп алып, «ақ-жасылдарға» тыныс алуға мүмкіндік бермеді. Алаң жиегінде меймандардың бап бапкері Димитар ДИМИТРОВ өз шәкірттерін алға қарай тынбай қуалаумен болды. «Атырау» тәлімгері Зоран ВУЛИЧ өз кезегінде футболшыларының соңғы күштері қалғанша қорғанып жатқанын жабырқау бақылап отырды.

Матчтың негізгі уақыты аяқталуға екі минут қалғанда шешуші сәт туды. Меймандар алаң ортасында допты тартып алып, Андрей ПАСЕЧЕНКОНЫҢ қақпасына қарай бар күштерімен ұмтылды. Бірінші соққы дарымады, алайда «Ертістің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Родриго Антонио НАСИМЕНТОНЫҢ лақтырып соққан добы қақпаға түсті. 0:1 – «Атырау» әдеттегіше матч аяғында доп өткізіп алып, маңызды ұпайларды жоғалтты. Клуб активінде, дәлірек айтқанда, пассивінде бұрынғыша минус 8 ұпай бар, келешегі де қуантарлық емес.    


Алайда жергілікті жанкүйерлер жақсы жағына үміттеніп, команданың Премьер-лигадан шығып кету қаупін ойламауға тырысады. Өйткені, ешқашан бұлай болып көрген емес, «Атырау» жоғарғы футбол дивизионында болатын. Бұған фанаттар қозғалысының құрметті ақсақалы Николя АПЕНОВ те сенгісі келмейді. Ардагер футбол сүйер қауымды «Атырауды» әдейі «батырғысы» келеді, осылайша жергілікті бюджетті жеңілдеткісі келеді деген әлеуметтік желілердегі қауесеттерге сенбеуге шақырды.  «Біздің жігіттердің қиындықтарды жеңе алатыны сөзсіз», - дейді ол сеніммен.


Матчтан кейінгі конференцияда Зоран Вулич ақталмады: «Бізден жылдам әрі агрессиялы болған бәсекелесімізге жол бердік, екі ойында қатарынан соңғы минуттарда доп өткізіп алдық, сондықтан зейін қою жағынан жұмыс жасауымыз керек».

«Атырау» 1 сәуірде келесі көшпелі матчта оралдық «Ақжайықпен» ойнайды.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

19 наурыз 2017, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.