Атырау, 25 сәуір 20:48
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атыраудың жолдары-ай…

Сурет
3 711 просмотра

Балғымбаев көшесінен Әлиев көпіріне шығатын жер шұңқыр болғандықтан жүргізушілер бірден үшінші жолаққа шығып кетеді. Қарама қарсы жақтан Балғымбаевқа бұрылатын көліктермен соқтығысып қалу қаупі зор.

Молдағұлова мен Афанасьев көшелерінің қиылысы.  Шұңқырларды айналып өтетін көліктер қарсы жолаққа шығып кетеді. Соқтығысу қаупі жоғары. Оның үстіне, шұңқырлар туралы білмейтін кейбір жүргізушілер жоғары жылдамдықпен жүреді, бұл да жол апатының қаупін арттырады.

С.Датов көшесінен «БипэкАвто» жаққа қарай баратын жол шұңқырларға толы, асфальт жоқ деуге болады. Автокөліктің көп ағыны мен темір жол өткелін ескерсек, кептелістер орын алады. Шұңқырларды айналып өткенде көліктер қарсы жолаққа шығады.

«Дина» базарының артындағы Әбдірахманов көшесі. Бүкіл көлік жолының бойында өте терең шұңқырлар бар. Көшенің өзі енсіз, ол арқылы базарға жүк көліктері көп өтеді. Бұл тек жағдайды шиеленістіреді.  


Еркінов пен Амандосов көшелерінің қиылысы – терең шұңқырларға толы. Амандосов көшесінде шұңқырлар бүкіл дерлік шағын көшелермен қиылыстарда кездеседі.


Амандосов көшесінің ең қауіпті учаскесі – Баймұхановтан Берғалиев көшесіне дейін (әскери бөлімше маңы). Бұл жердегі шұңқырлар өте терең және бүкіл көлік жолының ені бойынша кездеседі. Бұл жерде үнемі көлік ағымы көп болады. Бәрі де қазан-шұңқырды айналып өтуге тырысып, қарсы жолаққа шығып кетеді.


Әлиев көпірінен түскен маңдағы Бейбарыс даңғылындағы қауіпті шұңқырларды жүргізушілер жоғары жылдамдықпен келе жатып байқамай қалуы мүмкін. Атап өту керек, өткен жылы көктемде де бұл жерде шұңқырлар болып, оларды кейіннен бітеген болатын. Бүгінде «жамаулардың» еріп кеткенін көріп отырмыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

18 наурыз 2017, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.