Атырау, 25 сәуір 05:48
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ресей парламенті Азаттық радиосы, "Америка дауысы" мен CNN-ді тексермек

3 703 просмотра


Ресей мемлекеттік думасы өзінің ақпаратты саясат жөніндегі комитетіне Радио Свобода (Азаттықтың Орыс қызметі), «Америка дауысы» және CNN ақпарат құралдарының қызметіне тексеру жүргізуді ұйымдастыруды тапсырған. Мұндай бастаманы биліктегі «Единая Россия» партиясының депутаты Константин Затулин көтерген. Оның сөзінше, бұл шара АҚШ Конгресіне енгізілген, сол елдің әділет министрлігіне ресейлік Russia Today телеарнасының америкалық заңдарға сәйкестігін тексеру үшін қосымша өкілеттіктер беруді көздейтін заң жобасына Ресей билігі тарапынан жауап болмақ.

АҚШ Конгресі қарауына заң жобасын ұсынған сенатор демократ Джин Шахин «Russia Today жалған ақпарат тарату үшін қызметін Ресей үкіметімен үйлестіріп отырады» дейді. Бұған дейін аталған телеарнаны АҚШ-та былтыр қарашада өткен президент сайлауына араласпақ болған деп айыптаған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдері, Таяу Шығыс пен Ресейге хабар тарататын халықаралық бұқаралық ақпарат құралы. Ол баспасөз еркіндігіне билік тыйым салған я шектеген немесе әлі күнге дейін қоғамның қалыпты көрінісіне айналмаған елдерге тарататын хабарларында азаматтық қоғам және демократиялық құндылықтарды таратуды мақсат етеді.

Азаттық радиосының Мәскеудегі бюросы 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Дереккөз: Азаттық

18 наурыз 2017, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.