Атырау, 23 қазан 16:37
Кешке ашық+3, түнде 0
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 335.24  € 395.82  P 5.82

GGG Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

18 наурыз 11:11


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасқаны үшін 2,5 миллион доллар алады. 

Дэниел Джейкобс та сыйақыдан құр алақан қалмайды. Оған 1,75 миллион доллар көлемінде сыйақы беріледі. 

Бұл жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде (РРV) көрсететін болады. РРV жүйесі бойынша түсетін қаржының да бір мөлшері боксшыларға тиесілі. 

Сондай-ақ, кеше боксшылар айқас алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Геннадий Головкин қарсыласынан 9 грамм жеңіл болып шықты. Отандасымыздың салмағы 159,6 фунт (72,39 кг) болса, Дэниел Джейкобстың салмағы 159,8 фунт (72,48 кг) болды. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек 19 наурыз күні таңертең өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» мен «KazSport» арналары тікелей эфирден көрсететін болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1310 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

РФ Синайдағы лаңкестікке қатысы бар адамдар туралы мәлімет үшін $50 млн сыйақы жариялады  536 рет қаралды

Головкин мен Альварестің гонорары белгілі болды   525 рет қаралды

Головкин мен Альварес жекпе-жек алдында соңғы рет кездесті   363 рет қаралды

​Kaspi Bank қарақшылар туралы ақпарат үшін 5 миллион теңге сыйақы береді  315 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5