Атырау, 28 наурыз 15:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

ҰҚК қызметкерлері Атыраудағы терактілерге қатысы бар қазақстандықты елге әкелді

3 367 просмотра


2017 жылғы 15 наурызда ҰҚК қызметкерлері Ауғаныстаннан 2011 жылдан бері лаңкестік актілерге дайындалған және террористік актілеріне қатысы бар күдікті ретінде халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Дамир Зналиев елге жеткізілді. 

Зналиевтің Ауғаныстандағы Сари-Пуль елді мекенінде ағымдағы жылдың 21 қаңтарында қамалуы және оның Қазақстанға қайтарылуы ҰҚК-нің Ауғаныстанның Ұлттық Қауіпсіздік Бас Басқармасымен бірлесе жүзеге асырылған оны іздестіру бойынша жұмысының нәтижесі болып табылады.   

Зналиев тергеу изоляторына отырғызылып, тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.

     Қылмыстық істің материалдарына сәйкес Зналиев радикалды діни көзқарастардың ықпалымен 2011 жылы ауған-пәкістан шекаралас аймақтарына шыққан.

    Сол кезден «Джунд аль-Халифат» террористікұйымының қалыптасуына белсенді қатысқан.  Аталған террористік топ бірқатар мемлекеттерде орын алған лаңкестік актілеріне жауапты, оның ішінде 2011 жылғы қазанда Атырау қаласындағы жанкештілер жасаған 2 жарылысқа да қатысты. Зналиев аталған акцияларды бастаушылардың бірі болып табылады.

     Зналиевке қылмыстарына қатысты тағылған айыптар бойынша кінәсі соттың қорытынды шешімімен анықталады.   

     Жалпы, қазіргі таңда «Джунд аль-Халифат» лаңкестік тобы толық бейтараптандырылған.

   Оның басшысы Бельгия Мемлекетінің азаматы Моэз Гарсаллауи 2012 жылы Пәкістан аумағында пилотсыз ұшақ аппаратынан жасалған әуе соққысымен жойылған.     

    Кейінен 2013 жылғы ақпанда террористік топтың өзге белсенді мүшесі ҚР азаматы Орынбасар Мунатов Пәкістанда құрықталған. Ол Қазақстанға қайтарылып, 20 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. 

     Қазіргі кезде «Джунд аль-Халифат» тобының тағы бір мүшесі, ҚР азаматы «Х»-ті іздестіру жалғасуда, ҰҚК-нің мәліметі бойынша аталған тұлға Сирияда жасырынып, террористік іс-әрекеттерге қатысуда.


Дереккөз: ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі

18 наурыз 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.