Атырау, 23 мамыр 14:32
Кешке ашық+26, түнде +23
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 327.11  € 386.74  P 5.34

Жерді ешкім арқалап әкетпейді - ҚР Президенті

18 наурыз 2017 10:42


Отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұxбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жерді өз азаматтарымызға жеке меншікке берудің қажеттілігі жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазақтың жеріне жаны ашитын екі қазақ болса, екеуінің бірі мен шығармын. Себебі шекарамызды шегелеген кезде 14 мың шақырымның әр метрі үшін күрестік. Ешкімге ештеңені бермеу үшін, берсек, дәл сондайды алу үшін... Сондықтан жерді ешкім арқалап әкетпейді. Мен білемін ол қорқыныш-үрейдің қайдан шығып жатқанын. «Көршілер жерді алып кетпей ме, өйтпей ме, бүйтпей ме» дейді. Жерді машинаға, я болмаса, вагонға тиеп, ешкім алып кетпейді. Бұл - Қазақстанның жері. Қазақстаннның заңдары да бар. Оған сәйкес, басқа адамдарға жерді сатуға рұқсат жоқ. Сондықтан қазір өз азаматтарымызға жекеменшік құқығын берсек, алайда соның өзін алатындар жоқ болып тұр ғой, әлі де бизнес қатты құлшыныс танытып жатқан жоқ», - дейді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Батыс елдерінде ауыл шаруашылығы саласында жерге жекеменшік құқығы кеңінен тараған. Себебі өз кәсібін дамытамын дейтін инвестор алдымен жеке меншігі үшін алаңдайды, ол меншіктің мемлекет тарапынан қорғалуын талап етеді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2033 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Төлемесең, ұшпайсың  763 рет қаралды

Зимбабве Президентіне импичмент жарияланады   604 рет қаралды

Дәріханалардағы анықтамалық және жеке кәсіпкерлерді сақтандыру  1014 рет қаралды

Маусымдық мәселе-2  1010 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8