Атырау, 25 сәуір 15:08
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Айласы көп алаяқ

3 879 просмотра

Жылыой аудандық соты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») үкім шығарды.

Құлсары қаласының тұрғыны түрлі алаяқтық жасаумен айналысқан. Сотта бірнеше эпизод дәлелденіп отыр. Солардың бірі телефон алаяқтығымен байланысты (қиын жағдайға түсіп қалғанын және өзіне терминал арқылы белгілі бір соманы шұғыл жіберуін сұрайды). Осындай алаяқтардың арбауына түсіп қалатындардың әлі де барына таң қаласың. Келесі бір эпизод мынадай: алаяқ екі әйелдің сеніміне кіріп, олармен сауда үйінің өкілі ретінде танысып, заттарды екі есе арзан бағаға сатып бере алатынын айтып, олардан қомақты ақша алып кеткен. Одан басқа, тағы бірнеше жергілікті тұрғынды алдап, жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деп, ақша алып отыған.

Осылайша ол тез сенгіш адамдардан жалпы көлемі 1,5 млн теңгені қолды еткен.

Жылыой ауданы прокуратурасының аға прокуроры Жарас ОМАРОВ хабарлағандай, сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 наурыз 2017, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.