Атырау, 28 наурыз 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ембілік мұнайшылар Наурыз мейрамын қарсы алды

PR Сурет
5 241 просмотра

Ембілік мұнайшылардың  биылғы Наурыз тойы Атырау облысы Исатай ауданының аумағында орналасқан С.Балғымбаев атындағы кен алаңында өтті. Мерекелік шараға  Компания басшылығы, акционерлік қоғамға қарасты барлық басқарма ұжымдарының өкілдері, жергілікті атқару органының өкілдері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбек сіңірген қызметкерлер мен ембілік ардагер-мұнайшылар  қатысты.


«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы тарапынан арнайы келген ресми қонақтарды ембіліктер ұлттық дәстүріміз бойынша шашу шашып қарсы алды.



«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры мен «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев елімізге атақты мұнайшының  есімін иеленген  кен алаңында жаңа 150 орынды асхананың ірге тасын қалады.




Бүгінгі әлем нарығындағы мұнай бағасының тұрақсыздығына қарамастан ембілік мұнайшылар өткен жылда өнім өндіру көрсеткішін артығымен орындап, жоспарға қосымша 10 мың тонна мұнай игерді (2 млн. 832 мың тонна). Бұл табысқа ұжым ауызбіршілігінің арқасында қол жеткізіп отыр, әр мұнайшының үлесі бар. Алда бізді бұдан да ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ұжымдағы бірліктің нәтижесінде алда тұрған биік асуларды бағындыратынымызға сенімдімін,- деп атап өтті өз сөзінде Құрманғазы Есқазиев.



Мерекелік шара кезінде табысты еңбектерімен ерекшеленген еңбек үздіктері «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ   мен «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.




Мұнайшылардың Наурыз тойы қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласып, Тамара Асар, Абай Бегей, Ақылбек Жеменей и Айгүл Қосановалар «қара алтын» өндірушілер алдында өнер көрсетті.

 




Мұнайшылар спорттық шаралармен өзара сынға түсті.

 


Мұнай кен алаңындағы Наурыз тойы орталық алаңға құрылған киіз үйлердегі ұлттық тағамдар қойылған дастархан басында жалғасып, ән айтылып, би биленді. Мерекелік кездесу жұмысшылар мен басшылар арасында емен-жарқын әңгімеге ұласты.

 








17 наурыз 2017, 21:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған