Атырау, 26 шілде 01:32
Таңертең ашық+30, күндіз +33
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 326.97  € 381.05  P 5.45

Сирия әскері Израиль ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді

17 наурыз 16:32

Сирия әскері Израильдің әуе күштеріне тиесілі ұшақты атып құлатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған Tengrinews.kz

Агенттіктің мәліметі бойынша, әскерилер елдің әуе шекарасын бұзған делінген төрт ұшақтың бірін құлатқан.

"Біздің әуе қорғаныс жүйеміз басып алынған аймақта ұшақтардың бірін құлатты. Тағы бір ұшаққа оқ тиді, қалғаны ұшып кетті", - деп мәлімдеді елдің әскери басшылығы.  Сириялық тарап израильдік авиация Пальмира маңындағы САР әскерінің нысандарын атқыламақ болғанын айтады.  

Ал Израиль әскерінің баспасөз қызметі ешқандай әскери шығын болмағанын мәлімдеп отыр.  Сирия аумағында әскери міндет орындау кезінде Израиль әскеріне екінші рет оқ атылып отыр. Мұның алдында Сирия әскери Израиль ұшақтарын зениттік зымырандармен атқан. Ол кезде ұшақтар сириялық артиллерияны атқылаған болатын. 

Еске салайық, мұның алдында түрік құтқарушылары Сирия әуе күштерінің ұшқышын шекара маңынан тауып алған. Оның ұшағын "Ахрар аш-Шам" радикалды тобының мүшелері атып түсірген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

765 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қытай әскери әуе күштері АҚШ ұшағын ұстады   566 рет қаралды

Асад: Сирия Ресей мен Батыстың әскери қимылдар сахнасына айналды  585 рет қаралды

Ресей: АҚШ ұшақтарын Сирия әскеріне шабуылдаса атып түсіруіміз мүмкін  821 рет қаралды

Ресей Сирия территориясына Ираннан әуе соққысын жасады  568 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7