Атырау, 25 сәуір 19:25
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"ҰБТ, қазақ тілі мен «алаңға шығу»", "Шаханов айтып тастады. Наурызды тойлауға кімдердің қарсы шыққанын білесіз бе?", "Сенатор мен халық қандай нан жеп жүр?", "Халал сертификат берудегі мақсат не?", "Post(New) Кеңестік кеңістік"

2 606 просмотра

AZATTYQ.ORG. "ҰБТ, қазақ тілі мен «алаңға шығу»" - Білім және ғылым министрлігінің мектеп бітірушілер мен абитуриенттер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта өткізу туралы шешімі қазақ тілінің мәртебесі туралы алаң тудырды.

"Азаматтықтан айыру мәселесі дауға ұласты" - Қазақстан конституциясына енгізілген азаматтықтан айыру туралы түзетуге қатысты «Мемлекеттің өз азаматтарынан бас тартуға құқығы бар ма?» деген тәрізді көптеген сауал туды. Тәуелсіз сарапшылар түзетуге негізінен теріс баға береді.

"БТА ісінің сот тыңдауы Мұхтар Әблязовсіз өтті" - Бұрынғы банкир, Еуропада қуғында жүрген қазақстандық оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов пен оның серіктеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы Алматының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

365INFO.KZ. "Шаханов айтып тастады. Наурызды тойлауға кімдердің қарсы шыққанын білесіз бе?" - Кеңес кезеңінде ата-баба дәстүрімен сабақтасқан ұлттық мейрам Наурызды тойлауға тыйым салынды. Тек араға 62 жыл салып қана 1988 жылы Наурыз мейрамы қазаққа қайта оралған еді.

"«Бозымбаевтікі былжырақ». Депутат министрдің бензинге қатысты өтірігін ашты" - Қазақстанда жоқшылық пен қымбатшылық қолдан жасалып жатыр. Соның бір дәлелін келтірген біздегі депутат Үкіметтің өтірігін шығарды.

ZHASALASH.KZ. "Post(New) Кеңестік кеңістік" - Ресейдің империялық астам пиғылы күн өткен сайын асқынып барады. Асқынған сайын одан іргелес мемлекеттерге келер қауіп те күшейетіні сөзсіз. Міне, Кремльдің кезекті жымысқы ойы бой көрсетті. Ол – өзге елдердегі орыс тілі мен мәдениеті өкілдеріне Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы заң жобасы.

"Сенатор мен халық қандай нан жеп жүр?" - Дағдарысты сылтауратып бүгінде бар дүниенің бағасы өсті. Әсіресе, азық-түлік бағасы дес бермей тұр. Құны өрге озғанымен, сапасы күн санап кері кетіп барады. Онысы аздай, өндірушілер тұтынушыларды таразыдан жеп жатқаны тағы бар. Бұл мәселені қозғап жүрген қоғамдық белсенділер мен депутаттар «баяғы жартас – бір жартас» деп отыр.

"Әкім Әбдірахымовтың «ертегісі»..." - Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмысына соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, ақпарат құралдарында сын айтылатын болып жүр. Бұл түсінікті де. Әбдірахымовтың ғаламат жобалар жасап, елді таңғалдыратын, өзінің бет-бейнесін әкім ретінде қалыптастыратын кезеңі өтті. Халықты құрғақ уәдемен жарылқайтын уақыт та әлдеқашан түгесілген. Шымкенттің тізгінін қолға алғанына бір жарым жылдан асқан әкімге енді нақты тірлік істейтін, алға қойған жоба-жоспарын жүзеге асыратын сәт келді. Ал әзірге Әбдірахымовтың қаланың күнделікті қым-қуыт шаруасының өзін де жайғай алмай жатқаны байқалады. Қанша дегенмен мегаполиске әкім болу оңай деймісіз?! 

ABAI.KZ. "Халал сертификат берудегі мақсат не?" - Дінімізде халал, харам ұғымдарын әр нәрсеге телуге рұқсат жоқ. Бұл үкімдерді беру Аллаға ғана тән, сондай-ақ шариғат ілімін игерген ғұламалардың берген үкімімен болатынын ескеру керек. Ешкімнің «мынау нәрсе маған пайдалы, ендеше, бұл халал болуы керек, мынау нәрсе пайдасыз, ендеше, харам болуы керек» деуге хақысы жоқ.

"Қарағандыға Әлиханнан Цой артық па?" - Бір-екі күн бұрын «Ер Нур & Ника» қазақ-кәріс достығы қоғамдық қорының басшысы Игнатий Тё Қарағанды қаласы әкімі Нұрлан Әубәкіровтың қабылдауында болып Виктор Цойға Қарағандыда ескерткіш орнату туралы бастама көтерген. Қала әкімі бастаманы бірден қолдапты. Жуықта Цойдың ескерткіші орталық Қазақстаннан бой көтерсе, таң қалмаңыз.

QAMSHY.KZ. "Тұрсын Жұртбай. Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы" - 1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған Біртұтас алаш идеясында әрбір алаш қайраткерлерінің демі мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын.

17 наурыз 2017, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.