Атырау, 21 тамыз 04:03
Таңертең ашық+29, күндіз +31
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.80  € 390.57  P 5.60

ЕО-да өткен жылы босқандар саны сәл азайды

17 наурыз 10:43


Өткен жылы Еуропа Одағы (ЕО) елдерінде бірінші рет пана сұраған 1,2 миллионнан астам адам тіркелді. Eurostat статистика агенттігінің мәліметтерінше, олардың көпшілігі - Сирия, Ауғанстан және Ирак азаматтары. Босқындар саны 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 50 мыңға азайған, бірақ 2014 жылы тіркелген 563 мыңға жуық адамнан әлдеқайда көп.

Былтыр Еуропа елдерінен пана сұрағандардың 334 мың 800-і - сириялықтар, 183 мыңы - ауғандықтар, 127 мыңы - Ирактан шыққандар. 722 мыңнан астам адам, немесе пана сұрағандардың 60 пайызға жуығы Германияда тіркелген.

Сирияда соғыс басталған соң ЕО-дағы босқындар саны күрт артқан. 2011 жылы наурызда басталған бұл соғыста 300 мыңға тарта адам құрбан болып, миллиондаған адам үй-жайын тастап кетті.

Сириядағы соғыс Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ірі миграциялық дағдарыстың тууына себеп болды. ЕО Түркиямен босқындар мен мигранттар ағынын тежеу үшін бірқатар келісімдер жасасқан. Таяуда Анкара ЕО елдерінің бірқатарымен дипломатиялық кикілжіңге келіп қалған соң ол келісімдердің күшін тоқтататынын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

484 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

​Жалақы Өзбекстанға кетіп жатыр  911 рет қаралды

Прокуратура әйелдер кеңесіне назар аударды  683 рет қаралды

Еңбек биржасы енді тек Авангардта  2304 рет қаралды

От, су және жабайы жағажайлар  1104 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4