Атырау, 29 наурыз 16:18
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Киіз үй тігудің шебері кім?

4 791 просмотра


Биыл Наурызда бес күн демалыс беріледі. Қалалық әкімдік атыраулықтарға қандай шараларды ұсынатынын ойлап тапты.

Облыс орталығының түрлі алаңдарында төрт күн бойы концерттер, театрландырылған қойылымдар, спорттық сайыстар, ұлттық ойындар мен байқаулар өткізілмек. Байқауларға тоқталып өтсек. Бишілердің, арулардың, білектілердің сайысы болғанда, ұлттық салт-жоралғыларды мықты білетіндер сайысын неге өткізбеске деп ұйғарған қалалық билік дәстүрлі түрде киіз үй тігетін мекемелердің арасында осындай шара ұйымдастырмақ. 

- Биыл түрлі алаңдарда 50 киіз үй тігіледі, оның 24-і Исатай мен Махамбет алаңында болады. Олар 20 наурызда таңертең орнатыла бастайды. Мерекеге сән беру үшін осынау қарапайым процесті таныстырылым ретінде салтанатты оқиғаға айналдыруды ұйғардық, - дейді қала әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ. - Өйткені, киіз үйді жинақтау – көпшілік меңгере білмейтін тұтас өнер. Ендеше оларға неліктен өз шеберліктерін көрсетпеске, қала тұрғындарына мұның қалай жасалатынын, көп ғасырлар бұрын ойлап табылған бұл құрылымдағы әрбір элементтің не үшін керектігін әңгімелеп бермеске?! Құрамына ақсақалдар мен халық шеберлері кіретін білікті қазылар алқасы шеберлік бойынша баға беретін болады. Байқау нәтижелері 21 наурызда жарияланады. Сол күні біз екінші байқауды өткіземіз. Бұл киіз үйлерде «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Қыз ұзату», «Бет ашар» және т.б. ұлттық салт-дәстүрлердің театрландырылған қойылымы көрсетілетін болады. Таңдау еркі мекемелерге қалдырылады, өйткені, оларға қойылымдарды кәсіби әртістердің көмегінсіз өз күштерімен дайындау қажет болады. Байқау нәтижелерін 22 наурызда жариялаймыз.

Жеңімпаздарға әкімдік атынан сыйлықтар беріледі. Ал қала тұрғындары қызықты қойылымдарды тамашалайтын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА


15 наурыз 2017, 19:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.