Атырау, 29 наурыз 01:55
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Жолдауды түсіндірушілер халықты түсінді ме?", "Үкімет азық-түлік бағасын талқылағысы келмеді", "Ресей "КСРО азаматтарына" төлқұжат таратпақ", "Маған қарсы "деліқұлыларға" түкіргенім бар", "Өзге ұлт өкілдері қазақ тілі мәселесін көтерді"

2 136 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Жолдауды түсіндірушілер халықты түсінді ме?" - Президент жолдауы баспасөзде жарияланғаннан бергі бір жарым ай ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 836 елді мекенде мыңнан астам шара өтіпті. Яғни арнайы жиналыстарда президент жолдауы 317 мың адамға түсіндірілген. Жолдауды насихаттап, халыққа түсіндіру үшін Астанадағы шенеунік, депутаттар оңтүстікке ұшақпен арнайы ұшып келіп, кері қайтқан. Сондай жиынның бірінде Мақтаарал ауданының тұрғыны Елемес Сабыров жолдауды түсіндіруге келген мәжіліс депутаттары Құдайберген Ержан, Кәрібай Мұсырман және сенатор Қуаныш Айтахановтарға елдің көкейінде жүрген біраз мәселенің бетін ашқан.

"Бастама: Орталық Азияға интеграция қажет" - Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйым құру қажеттілігін алға тартты.

AZATTYQ.ORG. "Үкімет азық-түлік бағасын талқылағысы келмеді" - Үкіметтің «азық-түлік бағасын талқылау» жайлы хабарының аяғы құрдымға кетті. Ал қарапайым тұрғындар қымбатшылыққа алаңдайды.

"Ресейге талай жыл тыным бермеген прокурор қызметтен кетті" - Трамп әкімшілігінің кезінде Ресейге қатысты үлкен даулы істерді қараған Манхэттен прокуроры Прит Бхарараны жұмыстан шығаруы Вашингтонда біраз қарсылық тудырды. Ақ үй мұны жаңа президент келгеннен кейінгі құқық қорғау саласындағы әдеттегі кадр алмастыру деп түсіндіргенімен, бұл жайтқа Кремль қуанып отырғаны рас.

365INFO.KZ. "«Оларды қамай алмайсың». Әзімбай Ғали әкімдердің неге сотталмайтынын айтып берді" - Есеп комитетіне келген Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ешкімді аямайды. Ол мемлекеттік бағдарламаларды дұрыс орындамағандарды бірінен соң бірін әшкерелейтін болады.

ҚАЗТАГ. "Ринад Темірбеков: Мемлекет пен ҮЕҰ қоғамдағы өзгерістер туралы есеп беруді үйренуі тиісті" - Қазақстанның үкіметтік емес секторындағы соңғы үрдістердің бірі ҮЕҰ көрсеткен қызметі үшін ақысын үкімет төлейді – халықаралық ұйымдардан гранттар азайып, олардың орнына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс келіп отыр.

ABAI.KZ. "Маған қарсы "деліқұлыларға" түкіргенім бар" - «Іnformburo.kz» сайтына сұхбат берген Соловьев өзінің Қазақстанға сапары жайлы аз-кем баяндап беріп, жағымсыз пікір авторларын «деліқұлыға» теңеп тастапты.

"Ресей "КСРО азаматтарына" төлқұжат таратпақ" - Ресей Федерациясы бұрынғы Кеңес одағы елдері азаматтарына төлқұжат таратпақ көрінеді. Ресей Думасының Ұлттар ісі жөніндегі комитеті Ресей азаматтығын алғысы келген немесе бұрынғы одақ аумағында туған-туыстары бар азаматтарға жеңілдетілген жолмен РФ азаматтығын беру мәселесін талқыға салмақ.

QAMSHY.KZ. "Өзге ұлт өкілдері қазақ тілі мәселесін көтерді" - Қазақ тілінің қоғамдағы статусы жайлы бұрыннан бері айтылып келеді. Бұл жауыр болған тақырып болғанымен, маңыздылығын жоймаған және шешімін таппаған мәселе.

"Бүгінгі күні қазақ мақтанатын дүние қалмаған немесе «Ұлттық мақтаныш» ақырзаман балаларының көзімен" - Мектепте оқитын балама ұстазы «шығарма жазып келіңдер» деп тапсырыпты. Тақырыбы – «Ұлттық мақтаныш». 

EGEMEN.KZ. "«Қазақстан киберқалқаны» жүйесін құрудың маңызы зор" - Күнделікті өмірімізде киберкеңістік жылдан-жылға мейлінше кең қанат жаюда. Біздің өмір сүріп отырған ортамыздың өзі шапшаң әрі елеусіз түрде киберкеңістікте болып жатқан оқиғалар және құбылыстармен тығыз байланысып кетті.

QAZAQUNI.KZ"БАҚ: Олжас пен Бигелділер қазаққа қарсы жұмыс істеп жатыр" - «Қазақтардың дені «ұлт патриоттары», басқаша айтқанда «кілең ұлтшылдар», бұлар мемлекетімізді өзге елдерден оқшаулауға тырысуда. Бұлармен күресті тоқтатпаған жөн» деген сыңайда қазақтың орыс тілді ақыны, орыс десе ішкен асын жерге қоятын, орыс тілінің қамын жеуші Олжас Сүлейменов талай рет айтты. Осы Олжас «Central Asia Monitor» и «Radiotochka.kz» басылымдарының қожасы «Бигельды Габдуллинмен» тығыз байланысқа көшіп, ана газет арқылы қазаққа қарсы күресін тоқтатар емес.



15 наурыз 2017, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.