Атырау, 19 сәуір 15:46
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақша уәде орындалған соң аударылады

2 727 просмотра

Индербор кентінде өткен жылы 8 642 шаршы метр алаңға төсемтас төсеуге және Тұхфатов, Оңдасынов, Уәлиханов, Тайсойған, Молдағалиев көшелеріне 142 қоқыс жәшігін (урна) орнатуға бюджеттен 114 млн 900 мың теңге бөлінген болатын. Жұмыс 2016 жылдың қараша айында жүріп, биыл қаңтарда аяқталған еді.

Екі ай өтпей жатып төсемтастардың кейбір жерлері ашылып, опырылып жатыр. Ал көше бойларына қойылған қоқыс жәшігінің біразы бүлініп, жарамсыз күйге түскен.



Бұл жұмыстарды орындаған мердігер «Әлеуметтік қызметтер орталығы» қарағандылық қоғамдық ұйымы.

Индербор кентінің әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВ та жұмыстың сапалы атқарылатынына күмәнданғанын айтады:

- Біздің жұмыстың сапалы болатынына күмәніміз бар еді, сол себептен біз жұмыстарды атқаруға деп бөлінген бюджет қаржысының 80 пайызын ғана мердігердің есепшотына аударып, қалғанын ұстап қалдық. Сол үшін мердігер сотқа біздің үстімізден талап-арыз берді. Сот мердігерге қалған 20 пайыз қаржыны өндіру туралы шешім шығарды. Бірақ, біз әлі қалған соманы аудара қойған жоқпыз. Олқылықтардың орнын толтырған соң, аударамыз. Көріп отырсыз ғой, төсемтастың кейбір бөлігі опырылып, коқыс жәшігінің 60-70 пайызы қирап қалған. Біз мердігерге хат жаздық. Олардың кепілдік мерзімі екі жыл. Енді олар сәуірдің аяғына дейін бәрін жөндеуге уәде беріп отыр. 


Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

15 наурыз 2017, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.