Атырау, 20 сәуір 14:04
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мексикада бір қаланың барлық полицейі ұсталды

2 123 просмотра


Мексика билігі Халиско штатындағы Окотлон қаласының барлық полицейін қарусыздандырып, ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости штаттың полиция күш бірыңғай қолбасшылығына сілтеме жасап. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қарусыздандыруға қала полициясының қатарына қылмыстық элементтердің еніп кетуі мүмкін деген күдік себеп болған. Алайда бұл әлі расталмаған. Прокуратураның мәліметінше, Окотландағы тәртіпті бақылау әзірше Халиско билігіне қарасты полиция күш құрылымдарына жүктелген. Ұсталған полицейлер Гвадалахараға жеткізіліп, толық тексеріс жүргізіледі.  Оның қорытындысы бойынша тәртіп сақшыларының ендігі тағдыры белгілі болады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


15 наурыз 2017, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.