Атырау, 20 сәуір 18:09
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​«Жергілікті» шетелдіктер Атыраудағы бағалар туралы

4 038 просмотра

Әлеуметтік желілердегі біздің әлеуметтік және азаматтық белсенділігіміздің (сөз жүзінде, әрине) қатарында «жергілікті» шетелдіктердің ағылшынтілді қауымының белсенділігі – мәдени оқиғалар туралы құлақтандырулар, үшінші әлем елінде өмір сүру мәселелерін шешу, тұрмыстық кеңестер мен біз үшін іш пыстырарлық бейбіт тақырыптар тартымсыз көрінеді. Бірақ, жақында мен мынаған куә болдым: Атырауда 20 жылдай өмір сүрген британдық экспат азық-түліктер бағасының өскеніне абыржыпты. Мұқият әрі сақ шетелдіктер мен жергілікті тұрғындардың арасында қызықты сұхбат өрбіді. Ендеше, бірге оқып көрейік.

 

Энди Уолтерс

Менен басқа адамдар соңғы кездері супермаркеттерде бағаның өсіп кеткенін байқады ма екен??? Бүгін «Гринфилд» шайы (100 пакет) 1560 тг болды, екі апта бұрын 1025 тг болатын! Тұзды «Президент» сары майы өткен аптада 568 тг болды, енді 1076 тг. Бұл «Идеалдағы» баға. Сол май «Лидерде» кеше  856 тг болды. Бағалар не болып жатыр???

Милка Миллиган

Сіз қай жақтансыз?

Энди Уолтерс

Менің қай жақтан екенімнің еш айырмашылығын көріп отырғаным жоқ. Мен Ұлыбританияданмын. Бірақ мен осындағы, Атыраудағы бағалар туралы айтып отырмын.

Милка Миллиган

Айырмашылық бар. Ұлыбританияда Атырауға қарағанда анағұрлым қымбат. Және сіз 90% жергілікті тұрғындарға қарағанда, мың есе көп табыс табасыз.

Энди Уолтерс

Сіз адамдардың азаматтығы бойынша өте тез пікір айтады екенсіз.  Адам Атырауда өмір сүруге мәжбүр болып, теңгемен төлейтін болғасын, оның қай жақтан екенінің еш айырмашылығы жоқ. Бағаның маңызы бар және ол тез байқалады.

Милка Миллиган

Маған адамдардың шағымданғаны ұнамайды. Әсіресе, көп табыс табатындардың.

Энди Уолтерс

Тағы да адамның ұлты бойынша көп нәрселер туралы пікір айтып отырсыз. Менің қанша табатынымды білмейсіз ғой!

Линетт Скаво

Біздің бәріміз де алаңдаймыз... Бәріміз де бағаға риза емеспіз... Бірақ Milka Milligan экспаттарға қарағанда аз табыс табатын, бірақ шығындары көп адамдар туралы ойлап, айтып отыр... Көп адамдар лайықты өмір сүре алмайды Энди Уолтерс

Кім шағым айтып отыр??? Мен бағаларға не болған деп сұрап отырмын. Сіз жергілікті тұрғындар шағым айтқан кезде оларға да өз отандарына кететін билет сатып алуға кеңес бересіз бе???

Милка Миллиган

Мен оларға жақсы ел, жақсы өмір тауып алуға кеңес беремін. Мені сіздің қандай ұлт екеніңіз мазаламайды, тіпті, лесбиянка болыңыз, жоғарыда айтып өткенімдей, жергілікті тұрғындардан әлдеқайда көп табыс табасыздар. Сондықтан шағымданбауыңызды өтінемін.

Линетт Скаво

Біз бәріміз де шағымданамыз, бірақ жағдайды өзгерте алмаймыз :( Бойкот жасаған көмектеспейді... Дүкендер бағаны жеткізушілердің көтеретіндігін айтады... Валюта бағамы және т.б...

Энди Уолтерс

Атырауда 19 жыл өмір сүрген кезде осы сөздердің бәрін естідім. Кейбірі шындыққа жақын. Кейбірі ашкөздік. Бірақ қалай болғанда да, ешкім де менің сұрағыма жауап бере алмайды. Соңғы кездері айырбас бағамы кешікпей (тағы) өседі деген қауесет таралған. Бәлкім, олар үшін бұл сылтау шығар?

Милка Миллиган

Қалғандарының барлығы саңырау, міне, сондықтан. Мені де қосқанда.

Линетт Скаво

Ешкім жауап бермеді... Немесе майды үйден жасаңдар, сүтті жергілікті фермерден сатып алыңдар, көкөністерді өз бақшаларыңда өсіріңдер. Елдегі көп адамдар сияқты.

Любовь Морковь

Құрметті Энди Уолтерс, сіз жақсы сұрақ қойдыңыз. 22 ақпанда таңертеңгі сағат 11-де Ноғаев мырза, Атырау облысының губернаторы, көпшілік алдында есеп береді. Сіз оған қатысып, өз сұрағыңызды қоя аласыз. Ол осындай сұраққа жауап бере алатын адам. Мұндай жоғары бағаға ешкім бақытты болмайды.

Энди Уолтерс

Егер бұл жерге немесе соған ұқсас басқа мәселелер туралы болса, онда әкім жауап берер еді, бірақ әңгіме әкім ешқандай бақылау жасай алмайтын коммерциялық бағалар туралы болып отыр ғой!!!

Ната Инзаркина

Іс жүзінде ол бақылау жасауға тиіс және оның билігі бар. Бірақ мен сенімен толық келісемін. Бұл орынсыз.

Любовь Морковь

Онда Назарбаев мырзаға жүгінген дұрыс, оның бағаны төмендету үшін күшті билігі бар екені айқын.

Виваш Виваш

Мұнай бағасы өсуде... Доллар құлдырап жатыр. Сондықтан, әрине, теңге бағасы да түсер деп ойлағанмын. Бірақ бәрі керісінше. Өйткені, бәрі елге сырттан әкелінеді.

Шейн Мече

Мен үшін бұл өте дұрыс сұрақ болды және ол жергілікті тұрғын ба, жоқ па, оның қай жақтан екені немесе оның табыс деңгейі маңызды емес. Жоғары баға бәріне әсерін тигізеді.

Дин Маккензи

Милка, Сіздің комментарийлеріңіз Атыраудан тауар сатып алатындарға қатысты дұрыс сұрақ қойғандардың барлығына агрессиялы.

Милка Миллиган

Бұл мүлдем олай емес. Сіздер, жігіттер, менің не айтқым келгенін түсінбедіңіздер.

Дин Маккензи

Ендеше түсіндір. Сен Атырауда 20 жылдан бері тұратын Энди туралы өз болжамдарыңа сүйеніп, өз тұжырымыңды жасадың. Сен сұрақ қоюдың орнына, болжам жасадың, содан соң «үйіңе бар» дедің. Ал Атырау – оның үйі.

Шейн Меч

Өтінемін, түсіндіріңізші, Милка, өйткені мен қателесіп, осылай топшыладым.

Дин Маккензи

Милка, сізде өз көзқарасыңызды түсіндіретін мүмкіндік бар, егер мұны жасамасаңыз, онда бұл парақшада төзгісіз нәсілдікті немесе агрессияны білдіреді.

Юля Браун

Мәссаған! Энди Атырауда 20 жылдан бері тұра ма?! Тіпті, мен бұл жерде бұлай ұзақ тұрған жоқпын. Маған қарағанда Эндиді жергілікті тұрғын деуге болады. Кешіріңіздер, мен бүкіл комментарийлерді оқыған жоқпын. Бірақ, бағаны көтеру теңге девальвациясын қуып жету әрекеті деп ойлаймын.

Дениз Нижат Горгун

Бұл осы топтан көрген өте пайдалы пост. Эндидің арқасында. 

Шейн Мече

Менің пікірімше, жергілікті тұрғындар  экспаттар, шетелдіктер, меймандар және т.б. тауар бағасына, атап айтқанда, азық-түліктердің бағаларына қатысты өз қорқыныштарын білдіргенге риза болуы тиіс. Өйткені, бұл қоғамға үлкен әсерін тигізеді. Егер бұл топ мүмкіндіктері болғандықтан бағаларға мән бермейтін болса, ақырында құн бүкіл жергілікті тұрғындар үшін пропорционалды өсетін болады. Менің отбасымның мүмкіндігі болса да, біз қашан да оңтайлы бағаны іздейміз.

Brujo Caspian

Бәлкім, еркін жүзуге жіберілген KZT-нің кейінге қалдырылған әсері ақыр соңында қандай да болмасын тауарлар өндіру желісін жеткілікті көлемде тоқтатқан болар. Бірақ мен бұған күмәндімін және өз басым мұны бәсекелестіктің жоқтығымен және қожайындардың сараңдығымен түсіндіремін. Жаңа «Ярмарка ритейл» маркасына байланысты кейбір үмітіміз болды, бірақ бұл сол «Атаба», жақсарған ештеңе жоқ. Салық төлеуден жалтару ойындары шығар.

Төреқұл Жаңғабылов

Неліктен адамдар ресейлік импортталған майды сатып алатынын түсінбеймін. Кеден одағынан тысқары әкелінетін заттардың kzt-дан жоғары тұратыны белгілі ғой.

Энди Уолтерс

Иә, Төреқұл, әдетте КО-дан тысқары әкелінетін заттар қымбат тұрады, бірақ бұл түрлі қалалардағы импортты сол азық-түлік бағаларының айырмашылығын түсіндіре алмайды. Жалпы, қай уақытта да Атырауға қарағанда Алматыда арзан.

Төреқұл Жаңғабылов

Келесіде осы мәселені көтерген жөн. «Идеал» супермаркетінің менеджментінен ресми түсіндірме алу үшін суретке түсіріп, маған жолдаңыздар. Егер менің нені меңзеп тұрғанымды түсінсеңіз, бұл бәлкім жекелеген дүкен қызметкерлерінің жаңсақтығы шығар.

Ната Инзаркина

Астана супермаркеттеріндегі бағаларды жаңа ғана тексеріп шықтық. Ол жақта да солай.

Гауһар Ессекенова

«Байзар» супермаркетінен сауда жасаған арзанырақ.

Энди Уолтерс

Келісемін, мен шынымен неліктен адамдардың қаладағы ең қымбат жер «Рамсторға» баратынын білмеймін! Көпшіліктің мойындауынша, оларда шынында басқа жерде жоқ кейбір заттар болады, бірақ...

Brujo Caspian

Біріншіден, айтуыңыз дұрыс, оларда кейде ешкім әкелмейтін нәрселер болады. Екіншіден, Baizaar арзан деген өте әсіре сөз, IMHO, еттің кейбір түрлері Ramstore-да арзанырақ. Вакуум орамадағы жүгері де солай, бұл тек екі мысалы ғана...

Энди Уолтерс

«Рамстор» кейбір адамдар үшін анағұрлым қолайлы, бұл өте дұрыс. Менің кеңсем одан бар болғаны 50 метр жерде орналасқан. Сондықтан бұл мен үшін жақсы. Бірақ онда бәрі қымбат!

Данияр Шакиров

Атырау – Қазақстандағы ең қымбат қала.

Виваш Виваш

Ок, жігіттер… Мен Африкадан бакалея тауарлар кемесін жіберейін.

Энди Уолтерс 

Жақсы адам!!! 



Эндрю Эшби

Біреулерге «500 теңге» дүкенін нағыз ұсынатын кез.

Виваш Виваш

Бұл «Бәрі 360 теңгеден» болуы тиіс.

Энди Уолтерс

Орталық базарға жақын жерде барлығын 150 немесе 250 kzt-ға сататын осындай дүкен бар (немесе болды). Привокзальныйда да біреуі болған сияқты.



Котик Золотой 

«300kzt» 

Эндрю Эшби

Астана, Атырау емес((( 

Котик Золотой

Алматы) 

Эндрю Эшби

О, мен Алматыны сағындым

Меңдігүл Габдилова

Энди Уолтерс, «Анвар» дүкенін байқап көріңіз. Бұл «Атырау» қонақ үйінің қасындағы супермаркет.

Оспан Ризуанов

Энди, Абай алаңындағы «Анвар»-ға барыңыз. Кез-келген басқа супермаркеттерге қарағанда арзандау.

Энди Уолтерс

Рахмет, Оспан, Сырым Датовта тағы бір Anvar бар. Онда кейбір заттардың бағалары жақсы, бірақ оларға тұрақтылық жетіспейді.

Алиса Новикова

Мика айтқандай: «Энди 100 теңгеге көп жыланады».

Дин Маккензи

Эндидің қанша табыс табатынын қайдан білесіз?

Шейн Мече

Мен өз басым өмірде білетін ең бай адамдар кез-келген заттың бағасы үшін шу көтереді. Сондықтан да олар бай.

Алиса Новикова

Мен тіпті Энди дегеннің кім екенін де білмеймін. Энди Уолтерс

Сіз мені білмейтін басқа адамның комментарийлерімен келісе аласыз! Мен жергілікті тұрғындардың таксиде немесе базарда 50 теңге үшін дауласқанын көрдім. Бұл жерде баға сұрау қалыпты нәрсе, сіз мұны білесіз!!!

Алиса Новикова

Менің комментарийімді кері оқып шығыңызшы, өтінемін. Мен жергілікті емеспін және бағалар туралы дауласпаймын. Өйткені маған осы қалада өмір сүру үшін және әлсін-әлі өз қалама барып тұруым үшін жеткілікті ақша төлейді.

Энди Уолтерс

Мен сізге жергіліктісіз деп айтқан жоқпын. Мен жергілікті тұрғындардың үнемі бағалар туралы дауласатыны қалыпты жағдай дедім. Маған келер болсақ, мен де сол бағаға күмәнданамын. Мені алдағанын ұнатпаймын.

Алиса Новикова

Жергілікті халық саудаласады, өйткені олардың табысы 50 000 теңге. Мен тіпті, кейде таксистердің жолақысына 100 теңге қосқандарына дауласып жатпаймын, өйткені, олардың сол арқылы нәпақасын айырып жүргендерін білемін.  30 цент менің қаржылық жағдайыма шығын келтіре қоймайды, олар үшін тиынның да маңызы бар.

Энди Уолтерс

Сонымен, егер мен жергілікті бизнеске басшылық етіп, бір нәрсе үшін 6000 теңге алсам, бірақ, сізге 7000 деп айтсам, сіз оны қуана-қуана төлер ме едіңіз? Өйткені, сіз төлей алатын жағдайдасыз. Айталық, мен таксист болсам, қалыпты жол ақысы- 500 теңге, бірақ, мен сіздің жергілікті емес екеніңізді көріп тұрмын, сол себепті сізден 600 теңге аламын, сіз қуана-қуана 6000 теңге төлейсіз, өйткені, сіз оған жол бере аласыз? Солай түсінікті ме?

Алиса Новикова

Егер сіз жергілікті бизнесті басқарсаңыз, мен сізге жай ғана мүмкіндігім болғандықтан 7000 төлемеген болар едім. Қарапайым адамдарға – иә төлер едім, өйткені, жоғарыда атап өткенімдей, олардың табысы аз.

Энди Уолтерс

Өзіңіз ойлап көріңізші, мен сіз қуана-қуана артығымен төлеген жергілікті адаммын, өйткені, сіз маған қажет деп есептейсіз және сіз оған жол бере аласыз!

Алиса Новикова

Мен «иә» деп айттым. Мен үнемі солай жасаймын және солай жасай бермекпін.

Энди Уолтерс

100 теңге туралы кім дауласып жатыр. Мен таяуда ғана барлық заттың бағасы көтеріліп кеткендігі туралы сауал тастап отырмын, әдетте, оның белгілі бір себебі болмаушы ма еді?

Алиса Новикова

Менің ойымша, девальвациядан болар. Бұл елдің үкіметінде берекетсіздік орын алған.

Энди Уолтерс

Әйтеуір бір ақылға қонымды жауап болды-ау!!! 

Дин Маккензи

Алиса, сіздің ой-қисыныңызға ілесу өте қиын. Алиса Новикова

Мен жәй адам емеспін.

Энди Уолтерс

Көрініп тұр!

Шейн Мече

Қолыңнан келіп тұрған нәрсе үшін төлеу тек қана ақымақтық емес, бұл оны істей алмайтындардың жағдайын қиындатады. Энди дұрыс айтады.

Алиса Новикова

Бұл менің қолымнан келгендіктен емес, өйткені олардың өмір сүруінің қиын екендігін білгендіктен. Сіздер қайырымдылық туралы естідіңіздер ме? Сіздерге миллиондарыңызды құрбан етудің керегі жоқ, алайда сіздер кез-келген адамға бар-жоғы 100-1000 теңге беріп, көмектесе аласыздар.

Шейн Меч

Артық төлеу – бұл қайырымдылық емес. Қайырымдылық деген басқа бір мәселе.

Алиса Новикова

Құдай сақтасын! Сіздер менің не туралы айтып отырғанымды білмейсіздер. Бұл туралы ұмытыңыздаршы және өз өмірлеріңізбен өмір сүре беріңіздер.

Алиса Новикова

50-60-жастағы егде жастағылар Facebook желісінде өте белсенді. Бұл дұрыс емес. 

Виваш Виваш

Алиса, күйгелектенбе. Бұл жерде әңгіме адамның жасы немесе ақша туралы емес. Энди өзін не мазалап отыр сол туралы айтып отыр. Және маған сеніңіздер – енді девальвация болмайды. Бұл жай ғана экономика.

Дин Маккензи

Мен басқаша деп ойлаймын: баға – бұл баға. Ол барлығы үшін бірдей болуы керек. Егер адамдар артық төлеймін десе, ол олардың шаруасы.

Алиса Новикова

Мен білем, бұл жерде девальвациямен ортақ ештеңе жоқ, өйткені, бұл туралы 2016 жылдың аяғында жаңалықтардан оқыдым. Супермаркеттер адамның ұлты мен дініне, түр-түсіне қарап ақы алмайды. Сен не туралы айтып отырсың?

Дин Маккензи

Алиса, сен барлық бағытта артқа, алға не төменге, не жоғарыға кетуді жалғастырып отырсың. Бұл қиындықтар туралы емес, қисынсыздық туралы: бір ойды, бір бағытты ұстана білсейші.

Алиса Новикова

Өтінем, маған не істеу керектігін айта көрме, мен де саған қайда бара жатқаныңды айтпаймын.

Мик Магуайр

Эко-маркеттегі Черный козел сыра сусынының орамасы 966 теңге. Бұл тіпті, тегін десе болады! Және 400-граммдық «Президент» майы Рамсторда 1109 теңге. Канер Оноглу

Мен де әртүрлі адамдардан түрлі тарифтер бойынша ақы алу әділ деп ойлаймын. Егер клиент тозығы жеткен пальто мен ескі туфли киген әжей болса, онда таксист одан 200 теңге ғана алса немесе жәй ғана: «әжей, отырыңыз, менің есебімнен жеткізіп салайын» деуіне болады ғой... Ал, бірақ, қымбат мейрамханадан  қымбат пальтомен шыққан адамнан 1000 теңге алуға болады. Мен такси жүргізушісіне немесе жөндеу жұмысын жасаған құрылысшыға артықтау берем, өйткені, бұның өзі қымбат емес және біз сол арқылы оған аз да болса көмектесеміз. Біз үшін оның айырмашылығы көп болмаса да, аз табатындар үшін артық болмас еді.

Алиса Новикова

Сіз секілді адамдар тұрғанда, мынау әлем керемет болары сөзсіз. 

Эндрю Эшби

Мен келіспеймін, өйткені, көптеген адамдар басқа адамдар мен қайырымдылық ұйымдарына  түрліше қолдау көрсетеді. Көмек күтетіндерге көп нәрсе ұсыну, әрине, бір басқа. Айталық ақша жинап, әжептеуір деген бір мейрамханаға барды...барлық елдерде қарт адамдарға мемлекет көмектесуі тиіс, әйтпесе, біреулер ауыр жұмыс атқаратындардың мойына отырып алып, өмірлерін бос сенделумен өткізеді. Теңдік жалпыға бірдей ортақ болуы керек. Жас ерекшеліктер мен нәсілшілдікке, діни  белгілеріне қарай алалаушылық болмауы тиіс.

Энди Уолтерс

Барлық елдердегідей секілді барлығы үшін стандартты баға болуы тиіс. Егер сіз жақсы қызмет көрсеткені үшін артық төлегеңіз келсе немесе солай істеу сізге ұнайтын болса, жақсы әрине, мен де жиі осылай істеймін. Бірақ, оны сіздің киген киіміңіз немесе түр-түсіңізден немесе басқа да нәрселерге қарап күтуге болмайды. Зейнеткерлерге келетін болсақ, олар үшін лайықты зейнетақы мен жеңілдіктер болуы тиіс. 

Алиса Новикова

Сіз ұлт және адамның түр-түсі туралы көп айтасыз. Өзіңіздің нәсілшіл еместігіңізге сенімдісіз бе? 

Энди Уолтерс

Ұлт туралы айтып және басқа елдермен салыстыру – бұл көп саяхат шеккен адам үшін қалыпты жағдай. Адамның түр-түсі, сіздің киіміңіздің сапасы және т.б. кей жағдайда бағамен байланысты. Бірақ, нәсілшілдік біреу ғана, адамзат нәсілшілдігі! Егер сіз біреуден көп  нәсіл бар деп ойласаңыз, онда сіз нәсілшілсіз!

Алиса Новикова

Мен не солай дедім бе? Шындығында сен нәсілшілге ұқсайсың. 

Энди Уолтерс

Сіз менен нәсілшілсіз бе деп сұрадыңыз, мен сіздің сауалыңызға жауап бердім. Алиса Новикова

Одан кейін мені нәсілшіл деп атадыңыз. Жұмыс істеңіз, өз өміріңізді Facebook желісіне арнап, уақыт жоғалтуды және адамдарды нәсілшіл деп атауды доғарыңыз.

Энди Уолтерс

Егер сіз біреуден көп нәсіл бар деп есептесеңіз, онда сіз нәсілшіл болғаныңыз. Бұл мүлдем нәсілшілдікке шақырмайды. Бұл сіздің пікіріңізге қатысты мәселе.

Алиса Новикова

Сіз сондай зеріктіріп жібердіңіз мені. Сізге сәттілік тілеймін. Сені арзан азық-түлік дүкенін табады деген сенімдемін.

Канер Оноглу

Жақсы, адамдардың өз таңдауы бар. Мен кімнің табысы аз сол адамдарды қолдағанды жөн санаймын. Олар өздеріне ұсынылған қызметтерге аз-мұз артықтау төлейді, кейбірі ондай көмек орнына қайырымыдылқ ұйымдарына немесе үкіметке ұсына алады.

Ната Инзаркина

Бұл «шайлық» деп аталады. Және сіз қанша қалдырғыңыз келсе, сонша қалдыра аласыз.

Алекс Хилл

Мен кез-келген ұлт өкілі болып саналатын әрбір адамға кез-келген қаржылық жағдайда, не үшін төлейтіндігіне және ол қанша тұратындығына және  ол өз үйінде ме, әлде шетелде жүрме соған қарамастан көмек қолын созуды әділеттілік деп санаймын.

Даррен Эвли

Ең көп дегенде олар Ұлыбританиядағыдай қаптар үшін толтырмайды.

Энди Уолтерс

Көпшілігі, бұл жерде барлық дүкен сөмке үшін ақы алады! ***

Түйіндеме

Энди Уолтерс: Менің ойымша, бұл тақырып комментаторлардың тіпті сұрақтан безініп кетуіне дейін барған деңгейге жеткен секілді. Менің түсінігімше, мұндай сауалдың қойылуы – адамды зеріктіреді екен. Тіпті, кейбіріне талқылауға тұрмайтындай. Біз енді жергілікті кедей қауымдастықты адамдардың түрліше қолдайтындығын білдік. Біз сондай-ақ, Фейсбукте 50-60-жастағы адамдардың отыруының дұрыс емес екендігін де білдік (құдайға шүкір, мен бұл қатарға кіре қойғаным жоқ!). Сонымен, біз, ақыры қандай пікірге келдік? Бағалар неге соңғы бірнеше аптада өсіп кетті? Біз білмейміз! Оның нақты бір себептері анықталған да жоқ»

Осылайша Энди Уолтерс өз постын аяқтады.

"АЖ" редакциясынан: Бәлкім, біз Эндиге Қазақстанда азық-түлік бағасының неліктен өсіп отырғандығына жауап беруге тырысып көрерміз. Айталық, өзіміз көріп отырғандай, бұл қатардағы тұтынушы үшін де керек. Автордың өз постында келтірілген мысалдардан көрініп тұрғандай, «төменгі» инфляция екі аптадағы алған шай қорабы үшін 30 % көп болса, ҚР үкіметінің ресми мәліметтерінде өткен жылдың 12 айына бөлінген жылдық  есептеулер 7,7 %, ал осы жылдың жыл басынан бері ол 0,8% құрап отыр. Олардан біздің  немесе біздің олардан алшақтығымыз айтарлықтай ма? Дегенмен, бәрі де бірдей.

Дайындаған Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

 

13 наурыз 2017, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.