Атырау, 19 сәуір 04:37
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Экологиялық зиян тигізгені үшін ТШО-ны 5 миллиардтай теңгені төлеуге міндеттеді

Бейнежазба
3 336 просмотра


Бір ай бұрын редакция сауалына жауап бере отырып, Атырау облысы бойынша бас мемлекеттік экология инспекторы Қанат ҚАЛМАХАН Теңіздегі алауларда газ өртеу фактісі бойынша ТШО-ға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалғанын, қоршаған ортаға тигізілген зиянды экономикалық бағалау әзірленіп жатқанын хабарлаған еді.

Қ. Қалмахан «АЖ»-ға хат жолдап, төмендегіні хабарлады: «“Теңізшевройл” ЖШС қызметін ішінара тексеру барысында 33 млн 393 мың текше метр көлемінде алауларда газ өртеу фактісі анықталды. Кәсіпорын қоршаған ортаға экологиялық рұқсатсыз шығарындылар тастаған. Бұл Экологиялық кодекстің 12-бабының 3-тармағы және 69-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады.

Осылайша, ТШО ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабында («Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi») қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған. Қазіргі уақытта ТШО өкілінен өтініштің түсуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралуда. ТШО тарапына атмосфералық ауаны ластағаны үшін 4 млрд 845 млн 174 мың 897 теңге сомада экономикалық зиянды өтеу туралы ұйғарым шығарылды». 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 наурыз 2017, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.