Атырау, 29 наурыз 16:33
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ҚР Ұлттық банкі Халық банк пен Казкоммерцбанк арасындағы мәмілеге қатысты түсініктеме берді

3 323 просмотра

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Қазақстан Халық банкі» АҚ-тың «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акциялар пакетін сатып алуы бойынша әлеуетті мәмілесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі. 

Бірінші кезекте  О. Смоляков «заңнаманың талаптарына сәйкес әлеуетті мәмілені іске асыру банктердің депозиторларының,  кредиторларының, өзге де клиенттерінің және қарсы агенттерінің  халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, шарттар бойынша құқықтар мен заңды мүдделерін сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады» деп атап өтті. «Халық банкінің «Казкоммерцбанк» АҚ-тың акцияларын сатып алу бойынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін Ұлттық Банктің және Халық банкінің тарапынан «Казкоммерцбанк» АҚ активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүргізу қажет. Әлеуетті мәміленің сандық өлшемдері алынған ақпаратты жария ашу арқылы тәуелсіз тексеру нәтижелерін алғаннан кейін айқындалатын болады», - деді О. Смоляков. 

Ол сондай-ақ «Казкоммерцбанк» АҚ-тың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін жеткілікті деңгейге дейін «Казкоммерцбанк» АҚ-ты қосымша капиталдандыру Халық банкінің «Казкоммерцбанк» АҚ-тың капиталына ықтимал кіруіне базалық талап болып табылатынын», - атап өтті. О. Смоляков «Казкоммерцбанк» АҚ-тың кредиттік портфелінің айтарлықтай үлесі (50%-дан астам) «БТА Банк» АҚ-тың міндеттемелерін білдіретініне баса назар аударды. Бұл ретте «БТА Банктің» активтері құнды қалпына келтірудің ұзақ аралығына ие активтерге жатады. Соның салдарынан, оларды «Казкоммерцбанк» АҚ-тың ұстап тұруы үшін қаржы ағындарының жеткілікті деңгейін қалыптастырмайды. Сондықтан «Казкоммерцбанк» АҚ-тың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін, О. Смоляковтың айтуынша, бірінші кезеңде БТА банктің активтерін «Казкоммерцбанк» АҚ-тан оқшаулау қажет. Бұл кезеңде «Проблемалық кредиттер қоры» оператор болып табылады. Одан әрі бұл активтерді мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларының, оның ішінде өңірлік даму бағдарламаларының шеңберінде экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ету қажет. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банктің ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ (ККБ) және оның ірі акционерлері, «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Халық банкі) және «БТА Банк» АҚ (БТА банк) арасындағы «Казкоммерцбанк» АҚ акциялар пакетін сатып алу бойынша әлеуетті мәміле туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғандығы туралы хабарлаған. «Казкоммерцбанк» АҚ ауқымды филиал желісі, заңды және жеке тұлғалардың үлкен клиенттік базасы, айтарлықтай депозиттік базасы және төлем және банкаралық нарықтарда едәуір үлесі бар Қазақстан Республикасының аса ірі жүйе құраушы банкі болып табылады. 

Айта кетерлігі, «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншігіне берілген. Қор қызметінің негізгі мақсаты - уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталған шараларды іске асыру болып табылады. «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ қызметінің  негізгі түрлері екінші деңгейдегі банктердің проблемалық кредиттерін сатып алу; екінші деңгейдегі банктердің сатып алынған активтерін басқару; өз қызметін қаржыландыру үшін борыштық бағалы қағаздарды шығару болып табылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 наурыз 2017, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.