Атырау, 29 наурыз 20:24
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған

2 567 просмотра


Ыстанбұлда апатқа ұшыраған тікұшақтың бортында төрт ресейлік болған. Бұл туралы ТАСС тілшісі тікұшақ жолаушылары қонақтары болған "Эджзаджибаши груп" компаниясы баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз қосымша ақпараттарды нақтылаймыз, әзірге тікұшақтың бортында төрт Ресей азаматының болғандығын айта аламын», - деді ол. «Тасымалдау компаниясының дерегі бойынша, олар - Александр Ванин, Игорь Кочергин, Людмила Чупрова және Елена Бадраган», - деп қосты баспасөз қызметінің өкілі. 

Бұдан бөлек, "Эджзаджибаши груп" компаниясы директорлар кеңесінің басшысы Бюлент Эджзаджи NTV телеарнасына берген сұхбатында апатқа ұшыраған тікұшақта консорциумның Ресейдегі бөлімшесі - Vitra Russia компаниясының бас директоры  Салим Озеннің қаза тапқанын растады. «Бортта біздің Ресейдегі компаниямыздың басшысы, сонымен қатар ресейлік төрт клиентіміз болды», - деді ол. Олардың барлығы "Эджзаджибаши" фабрикасына ұшып бара жатқан. Түрлі дерек бойынша, бортта барлығы жеті адам болған. Оның бесеуі көз ажал құшты. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 наурыз 2017, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.