Атырау, 19 сәуір 10:37
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қарақшыны із суытпай ұстады

2 408 просмотра

9 наурызда таңғы сағат сегізде Алмагүл ықшамауданындағы букмекерлік кеңсеге қарақшылықпен шабуыл жасалды.

Шабуыл жасалғаны туралы телефон арқылы полицияға кассир хабарлаған. Ол кеңсеге медициналық демперде киген белгісіз біреудің пышақпен қорқытып, кассадан ақша мен планшетті алып кеткенін айтты. Ол есіктен шыққан бойда кассир «102» нөмірін терген.

Қалалық полиция жедел басқару орталығының қызметкерлері патрульдік экипаждарға бағдар жасап, «Батыс-12» экипажы тоналған букмекерлік кеңсеге жақын маңнан күмәнді жас жігітті ұстады. Оның қолында асүй пышағы, планшет және ақша болған. Жас жігіттің жеке басы анықталды – ол бұрын сотталған 26 жастағы Атырау тұрғыны екен. Полицияға дер кезінде қоңырау шалғандықтан оны ұстауға бес минут уақыт кетті, деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 наурыз 2017, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.