Атырау, 29 наурыз 02:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Трамптың жаңа жарлығына қарсы шараға жаңа штаттар қосылды

1 772 просмотра

АҚШ-та президент Дональд Трамптың босқындардың және мұсылмандар басым тұратын алты ел азаматтарының елге кіруін шектеу туралы жаңа жарлығына қарсы күреске жаңадан штаттар қосыла бастады. 8 наурызда Трамптың жарлығына қарсы Гавайи штаты шағым берген еді. 9 наурызда Вашингтон штаты федералдық судья Джеймс Робартске жаңа жарлықтың да күшін тоқтатуды сұрап қайырылғанын мәлімеді. Судья Робертс Трамптың 27 қаңтарда шығарған миграцияны шектейтін алғашқы жарлығының да күшін тоқтату туралы шешім шығарған.

Вашингтон бас прокуроры Боб Фергюсон Орегон және Нью-Йорк штаттары шағымға қосылу ниеті барын білдіргенін хабарлады.

Жарлықтың қайта қаралып шыққан нұсқасында Иран, Ливия, Сирия, Сомали, Судан және Йемен азаматтарына 90 күнге дейін виза беруді тоқтату күшінде қалған. Жаңа жарлықтың күші Ирак азаматтары мен аталған алты елдің АҚШ-та тұрақты тұруға рұқсаты бар азаматтарына жүрмейді.

Жарлыққа алғашқы қарсылықты Гавайи штаты білдірген. Гонолулу аудандық соты шағым бойынша сотты 15 наурызға белгіледі. Жаңа жарлық 16 наурыздан бастап күшіге енуі тиіс.

Дереккөз: Азаттық

10 наурыз 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.