Атырау, 19 сәуір 12:14
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Феминистер шеруге шықты. Полиция қайда жүр?", "Сарапшы: 2017 жылы Қазақстанда бензин бағасы қарқынды өсе береді", "«Гүленшілер» дейді. Ердоғанның елшісі Түрік лицейлерін тартып алмақ па?", "Ұстазға гүл сыйлау қылмыс па екен?.."

2 318 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Косово экстремизммен күресті түрмеден бастады" - Таяу Шығыстағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымына азаматтарының көптеп қосылып жатқанына алаңдаған Косово түрмелерді қатаң бақылауға алды. Қамаудағылардың арасында әсіредіншілдердің күрт көбейгені туралы ақпарат бар.

"Әуежайда үш ай бойы ақша күтіп жатқан қырғыз әйелдері" - Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында жасөспірім қызымен тұрып жатқан қырғыз әйелі алаяққа берген ақшасын қайтарып алғысы келеді.

ZHASALASH.KZ. "Шенділер «жаптың жала, жақтың күйе» дегеннен танар емес" - «Әр заманның өз сұрқылтайы болады» деуші еді. Сол айтпақшы, бүгінде Сағадиев жырының ушыққаны сонша – оның атын естігенде ұйықтап жатқан бала шошып оянатындай жағдай қалыптасты. Алды-артын бағдарламай жатып мектептерде үштілділікті бастап кеткені, «Әліппені» құрдымға кетіргені өз алдына, ол енді басқа-басқа, қазақтың тілі мен әдебиетінің, тарихының жағасына жармасты.

365INFO.KZ. "«Олар сені қызғанып жүр». Болат Атабаев Димашқа сақ болуды ескертті" - Жарқ еткен жұлдызды қызғанып, көре алмау өкінішке қарай, заңды құбылыс. Қазақтың өнер адамдары ішінде қызғаныш құрбаны болғандары жетерлік.

"«Бәсе, солай екен ғой». Мұрагер туралы әңгімені кім шығарып жүр?" - Алдымен, Досым Сәтбаевтың сөзін мысалға келтірейік. Мұрагерлер туралы айтқан. Бір емес, бірнешеуін тілге тиек еткен.

"«Гүленшілер» дейді. Ердоғанның елшісі Түрік лицейлерін тартып алмақ ма?" - Түркия билігі көптеген елдерде ашылған Түрік лицейлеріне шүйлігуін тоқтарар емес. Күні кеше baq.kz сайтына сұхбат берген Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык та бұл мәселені айналып өтпепті.

ABAI.KZ. "Феминистер шеруге шықты. Полиция қайда жүр?" - Қазақ алаңға шығып, конституцияда белгіленген құқығын пайдалана отырып, билікке деген өз наразылығын білдірер болса, сол жерде соғыс басталғандай қарулы жасақ жинала қалады. Кеше Алматы қаласында 8 наурыз мерекесін  сылтау қылған бір топ феминист алаңға шықты. Біз қарулы жасақты былай қойып, жай форма киген полицейлердің өзі төбе көрсетпегеніне таң қалдық.

"Алаштықтар бастан кешкен қуғын-сүргін" - Ақпан революциясы нәтижесінде монархияның құлауы отарға айналдырылған елдер алдынан тамаша саяси мүмкіндіктер ашты. Империя халықтары тәрізді, қазақ халқына да өзінің жоғалтқан мемлекеттігін жаңғыртуға бастайтын жол ашылды. Революциялық ұйымдар құрылды, алғашқы жиындар, съездер өтті. Қазақтардан Жанша Досмұхамедов Ресей мұсылмандары одағының атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды. Сол лауазымында ол Ресей Республикасының уақытша заң шығару органына, Предпарламентіне мүше болып, болашақ мемлекеттік құрылымды анықтайтын заң жасасуға қатысты. 1917 жылғы 25 қазан төңкерісіне тікелей куә болды.  Петроградтағы төңкеріс талабымен Екінші Кеңестер съезі құрған Совет үкіметі мен оған қарсы ұйысқан әрекеттерді  «орыстардың өзара ырылдасуы» деп бағалады.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Сарапшы: 2017 жылы Қазақстанда бензин бағасы қарқынды өсе береді" - Қазақстанда бензин бағасы "еркін қалықтағалы" бері жанармай тұрақты қымбаттап келеді және бұл өсімнің тоқтайтын түрі жоқ.

TURKYSTAN.KZ. "Ұстазға гүл сыйлау қылмыс па екен?.." - Көрген көз бен естіген құлақта жазық жоқ. Өткен аптаның сенбі күні «31 телеарнасы» Ақтөбедегі бір қазақ орта мектебінде болған жайды көрсетті. Мектеп директоры Марат Махамбеталиев ер азамат мұғалімдерге: «Барлығымыз «Сазды» кафесіне барамыз. Кафеге бармаған адам мектеп саясатына кедергі жасайтын адам деп түсінемін. Барлық құрмет сіздер үшін» деп Whats App желісі арқылы жазып жіберіпті-міс. 

"Наурыз тойы ажарынан айырылып барады" - Сонау 1991 жылы Кеңес Одағының шаңырағы ортасына түскен күннің ертеңіне Өзбекстан президенті мәлімдеме жасады. Сонда ол жақында шекара жабылады, «ендігәрі Өзбекстанда өзбек халқын, өзбек елін құрметтеп, оның тілін, салт-дәстүрін сыйлайтын, өсіп-өркендеуіне адал қызмет еткісі келетін азаматтар қалсын, ал өйткісі келмегендер дереу өз елдеріне көшсін»,– деп ресми түрде мәлімдеді. Көп ұзамай Өзбекстан Наурыз мейрамын ұлттық Жаңа жыл мейрамымыз деп жариялады. Ал азаттық алғанына 25 жылдан асып кеткен Қазақстанда Наурыз мейрамын Жаңа жыл мейрамымен салыстыру да ұят. Халқының 70 пайызы қасиетті ислам дініндегілер бола тұра Қазақстанда ең үлкен, ең мәртебелі мейрам негізінен христиандардың діни мейрамы болып есептелетін 31-ші желтоқсанның ақбасқын қарлы бораны мен сақылдаған сары аязында, түн ортасында келетін Жаңа жыл мейрамы.

QAZAQUNI.KZ. "Асқар Жұмаділдаев: Қазақ тілі орта мектепке білім беруге жарамаса, ол тілдің не керегі бар?!" - Осыдан біраз уақыт бұрын бір ғылыми жиналыс болды. Сол жиында мен бір сағаттық баяндама жасадым. Баяндаманың тақырыбы: «Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма, болмай ма?». Әрине, бұл қандай ақмағи сұрақ деп ойларсыздар. Өкінішке орай, XXI ғасырдың басында осы сұрақ ғылыми талқыға түсіп отыр. 


9 наурыз 2017, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.