Атырау, 19 сәуір 22:38
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Атырау» спорт кешеніндегі бокс кеші

2 320 просмотра


4 наурызда халық лық толған «Атырау» ДСК-де Дүниежүзілік бокс сериясының қолдауымен «Astana Arlans» және «China Dragons» (Қытай) боксшылар клубы арасында матчтық кездесу өтті.

Барлығы 5 жекпе-жек өтуі тиіс еді. Кеш 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Хе Цзюньцзюньнің жекпе-жегімен ашылды. Төрешілер бүкіл бес раунд бойынша басымдылықпен көзге түсті деп, жеңісті бірауыздан қазақстандыққа берді. Екінші жекпе-жекте (56 келіге дейін) жұртшылықтың сүйіктісі Ильяс Сүлейменов Ван Луняны оңай жеңіп, команда көшбасшылығын нығайтты. Матчтық текетіресте Ділмұрат Мижитов (64 келіге дейін) Лю Янға мүмкіндік қалдырмай, басымдылық көрсетті. Қарсыласы екі рет қатты ауырсынып, ринг төсемінде қалды. Алайда лайықты бағасын беру керек, орнынан тұрып, жалғастыруға күш таба білді.

Соңғының алдындағы жекпе-жекте (75 келіге дейін) Чжао Минган Сапарбай Айдаровпен салмақты сайыс өткізуге әрекеттенді, алайда бәрі де қазақстандықтың сенімді жеңісімен аяқталды. Антон Пинчукқа (91 келіге дейін) қиындау тиді – оған қытай клубының түсін қорғаған бітбеткей Сергей Новиков қарсы тұрды. Бес раунд бойына сайыс тең өтіп, кей жерлерді Новиков алғырлық көрсетіп, тіпті соққылар да жасады. Алайда судьялардың өз пікірі бар еді. Олар жеңісті Пинчукке берді.

Осылайша, «Astana Arlans» командасы қытайлық оппоненттерге үстемдіктерін көрсетіп, Дүниежүзілік бокс сериясында жеңісті шеруін жалғастырады (бұған дейін олар Patriot Boxing Team (Ресей) және Uzbek Tigers (Өзбекстан) командаларынан басым түскен болатын). 

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

9 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.