Атырау, 20 сәуір 10:41
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 947 просмотра

ММА

Ярославльде жастар арасында ММА (аралас жекпе-жек) бойынша әлем чемпионаты өтті.

Дамбыдағы Қызылбалық ауылынан 17 жасар жігіт Ерулан ҚАБДОЛОВ алтын алқа алды. Спортшының бапкері Мерей КАШТЕНБАЙ әңгімелейді: - Ерулан Дамбыдағы Оңғарсынова атындағы мектепте 4 жыл бойы джиу-джитсу секциясында айналысып келеді. Жекпе-жектің алуан түрі бойынша облыс чемпионы, панкратион бойынша екі дүркін ел чемпионы. Бұл оның ММА-дағы алғашқы сайысы және ол осындай жеңіске жетіп отыр. Ерулан әлем чемпионатында үш шайқас өткізді. Жереби бойынша біріншісі бос болды, екінші шайқаста Украина құрамасының өкілін еркін тәсілмен, ал  финалда Ресей құрамасының өкілін табандылықпен жеңді

КҮРЕС

Шымкентте грек-рим күресінен ҚР чемпионаты  өтті.  75  келіге дейінгі салмақта «алтынға» Мақсат Ережепов (суретте сол жақта) қол жеткізді. Ол жоғары спорттық  шеберлік мектебінің құрамына кіреді (жаттықтырушысы Ербол Әділбаев).

Финалға жетер жолда Мақсат  көптеген атақты қарсыластарынан, оның ішінде халықаралық санаттағы спорт шебері, жастар арасында өткен жылы әлем чемпионы болған Темірлан Шадукаевтан да басым түсті. Жарысқа қатысқан ҚР күрес федерациясының вице-президенті Бауыржан Оспанов және 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Георгий Цурцумия Мақсаттың шебергін жоғары бағалады. Оның чемпионаттағы жеңісі әлем және Азия чемпионаттарына қатысу үшін ҚР құрамасына енуге мүмкіндік берді. Спортшы мен оның бапкері қолдау танытқаны үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Б.Бекетке алғыс білдіреді. 

ЖЕКПЕ-ЖЕК

«Атырау» ДСК жекпе-жек бойынша ҚР чемпионаты өтті.  Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен түрлі жекпе-жек мектептерінің атынан 180 спортшы қатысты.

Атырау командасында: «алтынды» - Мейірбек Төлегенов (70 келіге дейінгі) және Исатай Теміров (85 келіге дейінгі салмақ бойынша) жеңіп алса; «күміске» - Әділбек Садимов (50 келіге дейінгі), Аманбек Шершеналиев ( 70 келіге дейінгі), Нұршат Әуелбаев (75 келіге дейінгі) және Қайрат Шарипов (90 келіге дейінгі салмақта); «қолаға» - Абылай Көргенов (55 келіге дейінгі салмақта), Серікжан Түсіпов (55 келіге дейінгі), Әнуарбек Батаев (60 келіге дейінгі), Ержан Қабделов (80 келіге дейінгі) және Ерген Оразов (+90 кг) ие болды.

Спортшылар мен жаттықтырушылар жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткендері үшін облыстық жекпе-жек федерациясының құрметті президенті Руслану Күмісқалиевке, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марат Айтқалиевке, бас демеуші «Бақай» корпорациясына,  жекпе-жек федерациясының президенті Мадиxан Бекбенбетовке және облыс құрамасының бас бапкері Асылбек Аманжолға алғыстарын білдіреді.

САМБО

Рязаньда 2001-2003 жылғы жасөспірімдер арасында самбо бойынша Ауғанстанда көз жұмған жауынгерлердің рухына арналған Бүкілресейлік дәстүрлі ашық турнир өтті. Сайыста №1 және №4 БЖСМ шәкірттері Атырау намысын қорғады. Үш балуан: 50 келіге дейін  Қайырғали Қуандықов (күміс), 50 келіге дейін Әбілмансұр Ғалым (қола) және 55 келіге дейін Ислам Асқаров (қола) алқа тақты.

ДЖИУ-ДЖИТСУ

Ақпан айы облыстық джиу-джитсу федерациясының  тәрбиеленушілері үшін жүлделерге бай болды. Щучинскіде қолма-қол ұрыстан болған ел чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта «алтын» медаль мен MMA FCF толық нұсқасы бойынша чемпиондық белдікті панкратион бойынша 2015 жылы әлем чемпионы болған Талғат Жұмағалиев жеңіп алды. Осы жарыста 100 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Арғын Сабыров қола жүлдегер атанды. Алматыда жастар арасында  джиу-джитсудан болған ҚР кубогінде 69 келіге дейінгі салмақта Қуандық Жаңбырбаев жеңімпаз болды. Ол жазда Афинада өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 наурыз 2017, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.