Атырау, 16 сәуір 10:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Құрманғазыда көпірлер жөнделуде

3 360 просмотра

Құрманғазы ауданында Қиғаш өзенінен таралған бірнеше өзектерден өтуге арналған жаяу жүргінші көпірлерін күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Жөндеу өткен жылы басталған болатын. Бұл көпірлердің салынғанына 50 жылға жуық уақыт болған және олар бірде-бір жөндеу көрмеген. Тозығы жеткен көпірлерден өту қауіпке айналған. 

Өткен жылы көпірлерге көңіл бөлініп, оларды жөндеуге бюджеттен қомақты қаржы қарастырылды.

Ганюшкиндегі Ягодной, Тухлое және Мақаш ауылдық округіндегі Көнеу көпірлерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ягодной көпірін жөндеуге бюджеттен 81 млн теңге бөлініп, жөндеу ісін өткен жылдан бастап «БекИко» ЖШС атқаруда. ЖШС өткен жылдың өзінде жұмыстың жартысын жасап үлгерген. Ал Тухлое көпірін жөндеуге 52 млн теңге бөлінбек. Жөндеу ісін «ЕрасылҚұрылысKZ» жүргізуде. Ал ұзындығы жағынан үлкені - 144 метр болатын Көнеу елді мекеніндегі жаяу көпірдің жөндеуі 100 млн теңгеге бағаланып отыр. Жұмысты Caspian Constractors Trust ЖШС міндетіне алған. 

- Бүгінде жаяу жүргінші көпірлерінің күрделі жөндеу жұмыстарының жартысы атқарылған. Наурыз айында осы жылға бөлінетін қаржы түседі. Жұмыстар қазан айында бітеді, - дейді Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан СҮНДЕТОВ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


9 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.