Атырау, 20 сәуір 20:40
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жігіт пен итті құтқарып қалды

Бейнежазба
3 587 просмотра
Фото: Instagram/zello_atyrau

6 наурызда сағат 18.10-да ТЖД кезекшісінің пультіне облыстық әкімдікке қарсы Жайық өзенінің ортасында мұз ойылып, бір адамның суға батып бара жатқаны туралы дабыл түсті.

- Сол маңда біздің қызметкерлеріміз Евгений КОНОВАЛОВ пен Жомарт ҒИБАДАТОВ патрульде жүрген еді. Бірер минутта олар сол жерде болды, - дейді БӨАЖҚЖ ММ сүңгуір-құтқару бөлімінің басшысы Самат ҚҰМАШЕВ. – Құрал-саймандарды – арнайы тақта мен арқанды пайдаланып, олар мұзды судың астына батып бара жатқан адамды дереу шығарып алды.

Ол құтқарушыларға өзінің 26 жаста екенін, телекоммуникациялық компанияда жұмыс жасайтынын, жұмыстан үйіне қайтып бара жатып, жолды қысқартпақ болғанын айтыпты. «Жедел жәрдем» келгенше олар жігітті жылы жамылғымен орап, денесін жылы ұстауға тырысты. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады.

Ал екі сағаттан кейін Евгений мен Жомарт тағы да жедел әрекет етті. Бұл жолы ТЖД-ға Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің маңында иттің суға батып бара жатқаны туралы дабыл түскен. Куәгерлердің айтуынша, ит жылымда жиырма минуттай тырбаңдаған. Итті құрлыққа шығарып алған құтқарушылар оның үстін орамалмен құрғатып, босатып жібере салды.

Спасли человека. МЧС быстро среагировала,молодцы #kazakhstan #zello_atyrau

Публикация от АТЫРАУ АВТО СООБЩЕСТВО#️⃣1️⃣ (@zello_atyrau)


Тамара СУХОМЛИНОВА

7 наурыз 2017, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.