Атырау, 19 сәуір 03:11
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Конституциядағы «күшті президенттік билікті сақтаған» өзгерістер", "Дос Көшім: «Бұл биліктің бас жауы – қазақ тілі». Неге солай?!", "Ұлттық қор болмағанда банктер «өлгендей» екен", "Суға батып бара жатқан банктерді құтқару... мемлекеттің тірлігі ме?"

2 120 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Конституциядағы «күшті президенттік билікті сақтаған» өзгерістер" - Қазақстан парламенті қабылдаған конституцияны өзгерту туралы заңды президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қоюға, ол одан әрі конституциялық кеңеске жолдады. Кей саясаткерлер түзетулерді де, оны қабылдау жолдарын да әрқилы бағалайды.

"Түркімен газы экспортының аясы тарылды" - Түркіменстан табиғи газ экспортын ұлғайтудан үміт үзді. Қытайға тартылады деп жоспарланған газ құбырының жобасы жүзеге аспайтын болды.

365INFO.KZ. "Дос Көшім: «Бұл биліктің бас жауы – қазақ тілі». Неге солай?!" - «Үштілділік» – қазақ тілінің дамуын тоқтатудың амалы. Ал «Жер дауындағы» митингтер мен 26-шы бапқа қатысты наразылық – билікті қорқытып тастады, дейді Дос Көшім.

"«Ұлттық банк, зейнетақы ақшасынан қолыңды тарт!» — Ораз Жандосов" - Зейнетақы жинағын басқарумен Ұлттық банк айналыспауы тиіс. Сондықтан осы функцияны банктен алып, бұрынғы Қаржылық қадағалау агенттігін қалыпқа келтіре отырып, соған беру керек.

ZHASALASH.KZ. "Алашшыл болуға кім лайық?" - Той өтті. Алматыда Алаштың 100 жылдығына арналған ас берілді. Құран оқылды. Сөз сөйленді. Ет желінді. Шай ішілді. Ән айтылды. Күй тартылды. Өлең оқылды. Сөйтіп, асқа келген ағайын тарқасты. Асты сауын айтып, игі жақсыны шақырып, «qamshy.kz» порталы ұйымдастырыпты. Ниет түзу, көңіл ақ болса керек. Тарихты ұлықтап, айбынды Алаш тойының беташарын жасаған бұл іске әуелі Құдай, сосын асыл текті Алаш ардагерлерінің аруағы ырза болсын!

"Ұлттық қор болмағанда банктер «өлгендей» екен" - Шынын айту керек, Ұлттық қорға жылма-жыл қанша кіріс кірді, қанша шығын шықты, оны шотқа салып отырғандар қоғамға ашық, нақты ақпарат бермейді. Әйтсе де, кейбір деректерге қарағанда, осыдан үш жыл бұрын қорымыздағы қаржы 77 млрд АҚШ долларына жеткені жөніндегі ақпарды кездестіріп қаласыз. Былтыр табыс 17 пайызға азайып, шамамен 64 млрд доллар қалғанда, кейбір тәуелсіз сарапшылар «мына түрімізбен қордағы қаржыны 6-7 жылда тауысамыз» деп дабыл қаққан еді. Президенттің өзі шикізаттан түскен пайданы «қара күнге» қалдырып отырғанымызды айтады. Бұдан бөлек, Ұлттық қордан еліміздегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға да қаражат берілетінін білеміз.

ABAI.KZ. "Әйелі бұзылған ұлт жойылады" - Ұмытпасам, 90-шы жылдардың бас кезі болар, ата-анасы өзін ұзатқалы отырған болашақ күйеуіне барғысы келмей жаны жабырқап жүрген таныс  өзбек қызына: «Ендеше,  сен деп зар илеп жүрген анау қазақ  Аманғалиға тиіп алмайсың ба?»  дедім. Сонда ол жалма-жан: «Ой, қойыңызшы! Сосын балаларым өзбек тілін білмей өсетін болады» дегені бар. Өзі Алматының теміржол техникумында оқып жүрген, бар-жоғы 17-18 жасар Гүлчеһраның мына сөзін естігенде ішімнен «Астағфіралла»деп қайталай бергеннен басқа аузыма сөз түспеді. Не деген жетелілік, не деген саналылық,  дініне, тіліне, ұлтына, салт-дәстүріне не деген ұлы сүйіспеншілік!

"Күрмек көбейсе күріштің соры" - Шынтуайтына келсек министр де, ректор да, құдайға шүкір, елде бар ғылым докторларының қатарындағы адамдар. Бірақ, мына әңгімеден кейін олар «күріш» емес, «күрмекке» ұқсап тұр. Сөйтіп басқа «күріштердің» - шын ғалымдардың беделіне, абыройына үлкен нұқсан келтіріп отыр. Ал білім мен ғылымдағы үлкен, әрі биік мансаптарын ескерсек, бүкіл қазақтың ғылымына күмән тудырып, ыңғайсыз жағдай туындап отырғандай.

EGEMEN.KZ. "Тұрғын үй сатылымындағы тараптар құқы жайлы не білеміз?" - Заңгерлер тұрғын үй сатылымы кезінде құжаттардың заңды екендігін анықтап, сатылымдағы үйге қатысты алаяқтық істердің бар-жоғын тексеру қажет екендігін айтады. Алайда, нақты іске келгенде көпшілік нотариустың көмегімен тұрғын үйді сату және сатып алу туралы екіжақты өзара келісімшарт жасаумен шектеліп жатады. Тіпті, кепілақы төлемін еш куәгерсіз рәсімдеп, артынан опық жеп жататындар да жоқ емес. Сонымен қатар, үйді күрделі жөндеуден өткізгенде кейбір тұрғындар үйдің техникалық жоспарын өзгертіп
жібереді. Мұның арты неге әкелуі мүмкін? Үйдің жобасы өзгергеннен кейін оны сату кезінде қандай қиындықтар орын алып жатады? Осы ретте «Тұрғын үй сатылымындағы тараптар құқы» мәселесі жөнінен құқықтық сауатыңыз болғаны абзал. Осыған байланысты заңгер нотариус Райхан ҚУАНТАЕВАНЫҢ кеңесіне жүгінген едік.

"Уақытша үкімет және большевизм" - 1917 жыл Ресей тарихындағы түбiрлi бетбұрыс жылы болды. Ел дамудың реформалық және революциялық жолдарының бiреуiн таңдауға тиiстi еді. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында және соғыс кезiнде қалыптасқан жағдайлар елдi революция жолына түсiрдi. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Ресей экономикасының жағдайын ерекше нашарлатты. Өнеркәсіптің басым бөлігі майдан қажеттіліктерін өтеуге жұмылдырылғандықтан, қалаларды азық-түлікпен және тұрмысқа қажетті тауарлармен қамтамасыз ету қиындады...

ҚАЗТАГ. "Суға батып бара жатқан банктерді құтқару... мемлекеттің тірлігі ме?" - Банктерге қайтадан құтқару шеңберін мемлекет тастап отырғанына қарағанда, Қазақстанның банк секторының проблемалары шегіне жеткен сыңайлы. Бірақ шенеуніктер таңдаған екінші деңгейдегі банктерді (ЕДБ) сауықтыру жолы тым қымбатқа түсіп отыр және түптеп келгенде тиімсіз болуы әбден мүмкін. Бірден айта кетерлігі, төменде келтірілген талдамаларды ақтық ақиқат және қандай да банкьық нарықтағы қатысушылардың біреуіне теріс имидж қалыптастыруға әрекет деп қарамай, ақ-қарасын уақыт пен оқиғаның келешектегі өрбуі ажырататын бір болжам деп қана қарау керек.

AIKYN.KZ. "Қазақ тарихында даңқы шыққан әйелдер" - «Алып анадан туады» дейді дана халқымыз. Әріден сөз қозғамасақ та, Тамыры Тұмар ханымнан бері тартылатын бай тарихымызда есімі бүгінге жеткен батыр жүректі, абыз саналы, алтын құрсақ аналарымыз аз емес.



7 наурыз 2017, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.