Атырау, 20 сәуір 02:52
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Гаджеттердің зияны

4 046 просмотра

Мамандар балалар аутизмінің дендеп бара жатқанына не себеп екенін түсіндірді

14-15 наурызда №2 қалалық емхананың базасында «Аутизмді жеңеміз: Қазақстанның 12 қаласы» атты тегін семинар өтеді.

Ұйымдастырушы - Аружан САЙЫННЫҢ «ДОМ» қоры. Сабақтар мамандар мен ерекше балалардың ата-аналары үшін жүргізіледі. Семинарлар екі блокқа бөлінген. Біріншісіне ата-аналар балаларымен шақырылады. Ол жерде ойын арқылы баланы байланыс жасауға тартуға болатынын көрсетеді. Ата-аналардың осыған ұқсас проблемалары болған, енді қоғамға бейімделіп келе жатқан балалармен жеке танысуға мүмкіндігі болатындығы өте маңызды. Ата-аналарымен сөйлесіп, олармен жұмыс жасаудың ең қарапайымынан бастап түрлі әдістерін, мәселен, егер бала тамақ ішуден бас тартса, не істеу керектігіне қанық болады.

Екінші блок – бұл ересектермен теориялық жұмыс. Оларға «Бетпен аңғаруды дамыту», «Бұлшық ет тонусының рөлі. Коммуникативтік қабілеттікті дамыту үшін баланың қозғалыс белсенділігін қалай пайдалану керек», «Тілдік позиция қойылымы. Дыбыстық ойын» мастер-кластары өткізіледі. Мамандар аутистер үшін үлкен проблемаға айналған көру байланысын, содан соң бұлшықет тонусын, дыбысты, тыныс алуын жіктеп көрсетеді.

- Мысал ретінде көрсетеміз, ересектер де мамандардың басшылығымен қайталап жасайды. Яғни, аутизмі бар баламен жұмыс жасау толықтай жүргізіледі. Бұдан басқа, бізде әдетте дөңгелек үстелдер өткізіледі: айталық, аутист балалардың ата-аналарының қауымдастығына біріккілері келетін ата-аналар кездеседі. Бұл қауымдастықтар Алматы, Павлодар және Қарағанды қалаларында бар. Сол жерге барып, олардың базасында тегін оқуларына, оларға бұл әдістеме лайық па, соны түсіну үшін өз баласымен бірге белгілі бір уақыт сонда тұруына болады, - деп әңгімелейді жоба үйлестірушісі Салтанат МҰРЗАЛИНОВА-ЯКОВЛЕВА.

Оның айтуынша, әрбір қырқыншы бала аутизммен дүниеге келеді. Сырқат тез дендейді, бұрын «аутизм» диагнозын әрбір 80-ші адамға қоятын. Ал мамандардың болжамы бойынша, 2050 жылға қарай әлемдегі әрбір екінші сәби аутизммен дүниеге келмек.

- Мұндай қорқынышты диагноз қандай негіз бойынша жасалады? Сырқаттың себебі неде?

- Бұл медициналық емес, әлеуметтік проблема. Оның негізінде қарым-қатынастың технологизациялануы жатыр. Балаларымыз қазір тірі байланыстан гөрі, ватсап пен әлеуметтік желілерде көп отырады. Физиологиялық тұрғыда бұл нені білдіреді? Ол басқа баланың көзіне қарамағандықтан, онымен қарым-қатынаста болып, ойнамағандықтан, басқа адамды қабылдау жүйесі жолға қойылмайды. Әрине, оның бұл функциялары төмендейді. Ол есейіп, өз балалары болғаннан кейін, оның балаларына бұл функциялар қажет болмайды. Бұл бүкіл адамзат үшін үлкен проблема.

- Аутизмге жоспарлы вакциналау алып келеді деп ата-аналар айтатын басқа да жорамал бар. Баласының бір кездері жақсы дамып, ал екпеден кейін тұйықталып, кейіннен осы диагноз қойылғанын аналары әңгімелейді.

- Аутизмге бейімділік адамда туа бітті болады. Ал екпе, кез келген күйзеліс жағдайы секілді, сырқаттың басталуы үшін қозғалтқыш күш болуы мүмкін. Бірақ, ғылыми тұрғыда екпелердің аутизмге апаратындығы туралы дәлелденген мәліметтер жоқ.

Ұйымдастырушылар autismpobedim2016@gmail.com электронды поштасы арқылы міндетті тіркеуден өтуді немесе +7(707) 8457017 нөмірі арқылы қоңырау шалуды өтінеді.

Семинарлар Қарағандыда, Павлодарда, Оралда, Петропавлда, Көкшетауда, Қостанайда өтті. Атыраудан кейін жоба командасы Ақтауға аттанады

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2017, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.