Атырау, 29 наурыз 00:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​«Атырауда» 29 футболшының тоғызы жергілікті, бапкерлер - хорваттар

Сурет
3 359 просмотра

5 наурызда «Атырау» ФК алдағы маусымға орай команданың ресми таныстырылымын өткізді. Кездесуге жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Команда құрамының жартысынан көп бөлігінің жаңарғандығы туралы айта кету керек. Жаңадан келген легионерлер қатарында  - Грузия құрамасының ойыншылары Владимир Двавалишвили және Уча Лобжанидзе, сондай-ақ, Сербия құрамасының ойыншысы Йован Джокич бар.

Команда капитаны Марат Хайруллин 2017 жылдың маусымында клуб үшін 29 футболшының ойнайтынын айтты. Олардың 8-і легионерлер, 21- қазақстандықтар (оның ішінде 9-ы атыраулық). Жұртшылықты бапкерлік құраммен де таныстырып өтті. Команданы хорваттық маман Зоран Вулич басқарады, ал Младен Прамия оның ассистенті болды. Ойыншылардың жеке дайындығын бақылау Владимир Зивановичке сеніп тапсырылды. Физикалық дайындықтары Қуаныш Қабдоловқа жүктелді. Ал қақпашыларды Срджан Солдатович жаттықтыратын болады.

Атыраулық футболшылар алғашқы екі матчты сырт алаңда (8 наурызда «Тобылмен» және 12 наурызда «Ордабасымен») өткізеді, кейін 18 наурызда павлодарлық «Ертіспен» өз алаңдарында кездеседі.


Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

«Атырау» командасының толық құрамы

1.         Арменов Алмас (Ақтау)

2.         Әбдірахман Бекжан (Қызылорда)

3.         Әбдірахманов Эльдар (Орал)

4.         Двалишвили Владимир (Грузия)

5.         Джокич Йован (Сербия)

6.         Жагоров Наурызбек (Атырау)

7.         Жомартов Азамат (Атырау)

8.         Қайраллиев Дәурен (Атырау)

9.         Қалменов Нұрболат (Атырау)

10.       Қалмұратов Қуаныш (Атырау)

11.       Коробов Захар (Алматы облысы)

12.       Ли Виталий (Қарағанды облысы)

13.       Лобжанидзе Уча (Грузия)

14.       Мажитов Дәурен (Атырау)

15.       Максимович Новица (Сербия)

16.       Маров Алексей (Атырау)

17.       Нарзикулов Жасур (Ақтөбе)

18.       Обшивац Юре (Хорватия)

19.       Пасеченко Андрей (Алматы облысы)

20.       Родич Иван (Хорватия)

21.       Саломов Шавкат (Өзбекстан)

22.       Сапаров Алтынбек (Атырау)

23.       Сүлей Әлішер (Тараз)

24.       Томич Вукашин (Сербия)

25.       Тулиев Мирас (Ақтау)

26.       Хайруллин Марат (Қазақстан, Ресей)

27.       Халелов Жақсылық (Атырау)

28.       Чичулин Антон (Астана)

29.       Эсатов Руслан (Тараз)

6 наурыз 2017, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.