Атырау, 26 сәуір 01:58
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қызылқоғада тағы бруцеллез шықты

6 177 просмотра

Қызылқоға ауданында малдан кезекті қан алу барысында бірнеше ірі қарадан бруцеллезге оң әсер берушілік анықталды.    

Аудан бойынша бүгінде 3 453 ірі қара мен 30-дан астам қой-ешкіден қан алынған. Соның ішінде 63 ірі қарадан бруцеллез табылған. Әсіресе, Миялы ауылы (17 ірі қара) мен Мұқыр ауылында (12 ірі қара) көп кездесіп отыр.  

- Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда төмендеу, бірақ, алаңдауға негіз бар және біз тиісті шарасын алуымыз қажет, - дейді Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Серікбай ЛАТИЕВ. Ол үшін ауру малдарды 15 күн ішінде өзгеден оқшаулауымыз керек. Малдың қанын лабороториялық тексерістен өткізу кезең-кезеңмен атқарылады. Аудан бойынша 28 мың ірі қара, 156 мың қой-ешкі, 1 200 түйе тексерістен өтуі қажет.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 наурыз 2017, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.