Атырау, 25 сәуір 21:21
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Қорғана біл, журналист

2 668 просмотра


Алматыда журналистер мен блогерлерге арналған «Құқықтық, цифрлық және физикалық қауіпсіздік бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында үшкүндік тренинг өтті. Тренингті «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен халықаралық «Артикль19» құқыққорғау ұйымы ұйымдастырды.

Оған түрлі өңірден: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Атырау, Орал, Қызылордадан келген журналистер қатысты. Тренерлер ретінде «Әділ сөз» қорының заңгер-сарапшысы Ганна КРАСИЛЬНИКОВА, «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің IT-сарапшысы Анатолий РЕМНЕВ, сонымен қатар, журналист-сарапшы Мәдина АЛИМХАНОВА шақырылды. Журналистер БАҚ туралы заң жобасындағы жаңа өзгерістер туралы талқылады. Журналистерді қылмыстық, азаматтық және әкімшілік тәртіпте қудалау тақырыбы қозғалды, ар-намыс, абырой және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық талап арыздарға қатысты ахуалдар талқыланып, сонымен қатар пайдалы көп нәрселер туралы хабардар болды. «Цифрлық қауіпсіздік» тақырыбы журналистердің үлкен қызығушылығын тудырды. Сарапшы өз компьютерін вирустардан және басқа да сыртқы қауіптен қалай қорғау керектігін, сонымен қатар, мобильді қауіпсіздік (ақпараттар мен жеке мәліметтерді қорғау) жөнінде әңгімеледі. Ал тренер Мәдина Алимханова қатысушылардың жеке басына шабуыл жасалу және т.б. қаупі төнген кезде қандай әрекет жасау керектігі  туралы айтты.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

3 наурыз 2017, 20:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.