Атырау, 20 сәуір 16:28
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"«Шүкеев аң-таң». «Самұрық-Қазынаның» көзі жойылады екен", "Дос Көшім. Қазақ тіліне қажеттілік тудырудың жалғыз жолы", "Қабақ шытқанға – 40 теңге, жүзін суытқанға – 100 теңге...", "Қапастағы 100 жыл", "НАТО: «Ердоған өзіне қарсы өзі төңкеріс жасаған»"

2 701 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қымбатшылық түбі тақырға отырғызады" - Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы халықтың нақты табысы 4,5 пайызға азайыпты. Кіріс кеміген соң көпшіліктің күнкөрісі сөзсіз әлсірейді. Оның үстіне күні кешеге дейін доллар үздіксіз қымбаттап, соның салдарынан тұтыну тауарлары, қызмет көрсету бағасы, коммуналдық-шаруашылық тарифтері көтеріліп, ел-жұртқа қосымша салмақ салды.

"Балтық бойы елдері не қызығамын" - Қылышынан қан тамып тұрған кеңес одағының кезі. 1983 жылы Эстония елінің Тарту қаласынан автокөлік айдап әкелуге бардым. Пойызбен Тартуға жеткенде әлі таң атпаған еді. Жақын маңдағы қонақүйге барып, әкімшіден 3-4 сағатқа орын сұрадым. Менің орысша сұрағыма эстонша жауап берді. Түсінбей 2-3 рет мәрте сұрағаныма әкімші қыз ашуланып өз тілінде «Орын жоқ» деген жазуды үстелінің үстіне қоя салды.

AZATTYQ.ORG. "Қапастағы 100 жыл" - «Ресей презиенті Владимир Путиннің үкіметі 1917 жылғы төңкерістердің мәнін көпшіліктің түсінгенін қаламайды». «Ақпанға оралу» мақаласында ресейлік либерал саясаткер Григорий Явлинский осындай ой түйеді.

"Әмин Елеусінов түрмедегі жағдайына шағынған" - Қамаудағы кәсіподақ лидері Әмин Елеусіновтің «кінәсін мойындайтыны» жайлы тараған видеоны адвокаттар түрмеде денсаулығы сыр берген тұтқынға «қысым көрсету» деп бағалайды. Абақты бастығы түсініктеме беруден бас тартты.

365INFO.KZ. "«Шүкеев аң-таң». «Самұрық-Қазынаның» көзі жойылады екен" - Таяу болашақта „Бәйтерек„ ұлттық холдингінің, сол секілді „Самұрық-Қазына„ ұлттық қорының да көзі жойылады. Банк секторын сауықтыруға Ұлттық қордан триллиондап бөлінген қаржы  ел экономикасындағы осындай үлкен бетбұрысты байқатады.

"Сағынтаев, осы рас па? Мұнша қарыздан өле-өлгенше құтылмаймыз ғой" - Төңірегіне түгел қарыз адам тығырықтан шығудың жолын іздейді. Қарызды қайтару үшін қарыз алады. Басын тауға да, тасқа да ұрады. Бақсақ, Қазақстанның қазіргі күйі дәл осыған ұқсас.

ABAI.KZ. "Сағадиев Abai.kz-ке ресми жауап береді" - Бүгін "Abai.kz" ақпараттық порталында Қазақстанның Білім және ғылым министрлігіндегі болып жатқан өзгерістер туралы қос бірдей мақала жарияланды. Журналист Шәріпхан Қайсардың "ҰБТ сұрақтарында баян мақсатқызы не істеп жүр, сағадиев мырза?" атты мақаласы мен саяси шолушы Нұргелді Әбдіғаниұлының "БҒМ "Қазақ тілі" мамандарын дайындамайды" атты мақаласында аталған саладағы олқылықтар сөз болды. "Abai.kz" ақпараттық порталында жарық көрген "БҒМ "Қазақ тілі" мамандарын дайындамайды" атты мақалаға қатысты ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ықпал етуімен ҚР Білім және ғылым министрлігі  ресми жауап әзірлепті.

"Дос Көшім. Қазақ тіліне қажеттілік тудырудың жалғыз жолы" - Қазақ тілі туралы айтқан-жазғандарымыз көлемі жағынан «Гинесс рекордтар кітабынан» орын алатын деңгейге жеткен сияқты. Әлі де айтамыз... Дегенмен осы әңгімелердің ішінде зарлау, жоқтау, өкініш пен ыңырсу жағы басым да, мәселені нақты шешу жолдары, оның тәсілдері тым аз. Бұл – сол жолдарды білмеу ме, әлде сол тәсілдердің іске асуына сенбеу ме, ол жағын білмеймін, бірақ қазақ тілін қоғамдық өмірдің барлық саласында жұмыс істейтін дәрежеге жеткізудің тағы бір жолын – халықаралық тәжірибеде өзінің тиімділігін дәлелдеген жолын -  көрсету артық болмас деп ойлаймын.

TURKYSTAN.KZ. "АҚШ ақшасын санай бастады" - Ақпанның соңғы күнінде төрткүл әлем Вашингтонға құлақ түрді десек, артық айтқандық емес. Себебі осы сейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресс мүшелері алдында өзінің алғашқы жолдауын оқыды. Қызметке кіріскеніне бір айдан енді асқан Трамп осы уақыт ішінде өзіне дейінгі кейбір әріптестерінің төрт жылда қамтымаған шаруалардың басын шалды. 

"Қабақ шытқанға – 40 теңге, жүзін суытқанға – 100 теңге..." - Дамуы тежелген қоғамда ақылға қонымсыз дүниелер болып жатады. Әрі осындай шынайы өмірден алыстау мысалдар қарапайым халық емес, билік тізгінін ұстаған білімді һәм білікті азаматтар тарапынан шығатыны қалай? Кез келген жаңашылдықты жарыққа әкелмес бұрын, «жеті рет өлшеп, бір рет кесу» қағидасы қажет емес пе? Ал ертеңгі күні жұрттың мазағына қалып, күлкінің нысанына айналса, кінәні кімнен іздейді? Бұл сауалдарға салмақты жауап іздеудің өзі абсурд сияқты. Себебі жақында ғана Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп ұсынған «тың» заң жобасы неге көптің келемежіне айналды? Ендеше екі бірдей құзыретті мекеменің қоғам талқысына салған заң жобасына көз жүгіртіп көрейікші.

QAMSHY.KZ. "НАТО: «Ердоған өзіне қарсы өзі төңкеріс жасаған»" - Норвегияның алдыңғы қатарлы хабар сайтында НАТО-ның 15 Шілдедегі жағдайға көзқарасы жарияланды: Түркия президенті Ердоған өзіне қарсы өзі төңкеріс жасауды жоспарлаған. Норвегияның алдыңғы қатарлы хабар тарататын сайттарының бірі Aldrimer.no15 Шілдедегі оқиғаға байланысты НАТО-ның қалай қарайтынын жазды.



3 наурыз 2017, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.