Атырау, 20 сәуір 16:28
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Біздің суымызды әлі де ішуге болады, бірақ бұл уақытша»

3 686 просмотра

1 наурызда қалалық мәслихат сессиясы өтті. 2017 жылғы қала бюджетіндегі өзгерістер туралы баяндамамен қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Рулана ДОСҚАЛИЕВА әңгімеледі.

Оның айтуынша, өткен жылғы бюджет қаржыларының қалдықтарын биылғы жылдың бюджетіне қосу ұсынылды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды жобалауға– 465 млн теңге; спорт нысандарын дамытуға – 25 млн теңге; жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 702 млн теңге; қоғамдық тәртіпті қорғау нысандарын салуға - 28 млн теңге; мемлекет мұқтаждығы үшін жер телімдерін сатып алу жолымен алуға (АМӨЗ-ді жаңартуға байланысты сатып алынатын Оң жақ Төменгі Перетаска жерлері) – 2 млрд 612 млн теңге; елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге - 337 млн теңге (соның ішінде, кеміргіштерді жоюға 99 млн); елді мекендерді абаттандыруға - 120 млн теңге; көлік инфрақұрылымын дамытуға - 9 млрд 868 млн теңге; көлік жолдарын күрделі және орташа жөндеуге - 3 млрд 372 млн теңге; сумен қамту және су бұру жүйесін ұстауға - 142 млн теңге; жерге орналастыруға – 167 млн теңге; білім беру нысандарын ұстауға - 170 млн теңге; ведомоствоға бағынышты мемлекеттік білім беру бөлімі мекемелерінің күрделі шығындарына - 726 млн теңге; ведомоствоға бағынышты мемлекеттік жұмыспен қамту бөлімі мекемелерінің күрделі шығындарына - 86 млн теңге; ведомоствоға бағынышты мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мекемелерінің күрделі шығындарына - 106 млн теңге; ведомоствоға бағынышты мемлекеттік спорт бөлімі мекемелерінің күрделі шығындарына - 120 млн теңге; балалар мен жасөспірімдердің спортпен қосымша айналысуына -  73 млн теңге; жергілікті өзін басқару органдарына трансферттерге – 103 млн теңге.

Азғана талқылаған соң депутаттар бірауыздан қолдау білдірді. Содан кейін қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Темірбек МҰСАҒАЛИЕВ 2016 жылдың есебін берді. Ол алдымен үкіметтің Тұтынушылар құқығын қорғау комитетін Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетіне қайта құруды ұйғарғанын хабарлады.

- Демек, біздің басқарма да кешікпей қайта құрылатын болады, - деп сөзін түйіндеді Мұсағалиев.

Оның айтуынша, 2012 жылы Атырау көшелерінде 9 872 қаңғыбас иттер, 2013 жылы – 11 451, 2015 жылы – 15 652, өткен жылы - 11 455 ит жойылған. Ал ит қапқан қала тұрғындарының саны баяу болса да көбеюде: 2012 жылы 563 болса, 2016 жылы 800 адамға жеткен.

- Қаңғыбас иттің қабуы зардап шегушіге тигізілген физикалық және моралдық зиян ғана емес. Құтыруға қарсы вакцина қалалық бюджет үшін қымбатқа шығады. Мен есептеп шығардым – 800 адамға 11,7 млн теңге жұмсалған. Бұл құтыруға қарсы вакцинамен қатар салынатын АКДС вакцинасы мен медицина персоналының қызметін қоспағандағы құны. Бұл проблеманы біз көшедегі иттерді жүйелі түрде жойып, қолға үйретілген иттерге паспорт жасатумен қатар шеше аламыз. Өткен жыл ішінде Атырауда 3800 ит пен 800 мысық (2015 жылы тек 501 үй жануарында ғана паспорт болды) ветеринарлық паспорт алды. Өткен жыл ішінде ҚІІБ-не көшеде бақылаусыз қаңғып жүрген қолға үйретілген 66 итке материалдар жолданды. 25 жағдайда қожайындарына айыппұл салынып, 41-іне ескеру берілді.

Бұл проблеманы шешу керек. Геологтағы, Бесіктідегі, Жұмыскердегі иттер дала жануарларымен байланыста болады. Қайыршақты округінде құтырған сиыр анықталды. Өткен жылдың тамыз-қыркүйек айларында қаланың осы бөлігінен қаңғыбас иттерді жойдық. Өткен жылы «Арнаулы автобаза» ЖШС үшін инсинератор сатып алынды, енді иттердің өлекселерін көмбей, өртеп жібереді. Алайда осы жабдықтарда жұмыс жасайтын адамдардың әкімшілік-тұрмыстық кешені болуы тиіс. Қазір олардың қолдарын жуып, душ қабылдайтын жерлері жоқ. Лас жұмыстарды орындаған кезде, оларға ауру жұқтырып алу қаупі бар.

Мұсағалиев қалалық су тазарту құрылғыларының №1, 2, 4 сүзгілеу станцияларының ахуалы санитарлық талаптарға сай келмейтінін абыржи атап өтті.

- Бүгінде қаладағы құбыр суы сапа талаптарына сай келеді, бірақ бұл уақытша ғана. Бұл ахуалды Береке ауылындағы №5 сүзгі станциясы едәуір жақсарта алар еді. Бірақ оның құрылысы ақыры аяқталмады.   

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 наурыз 2017, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.