Атырау, 19 сәуір 05:40
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"БҚО шенеуніктері және қымбат көліктер", "«Саяси жүйеде үлкен өзгеріс жасалмайды»", "ҰБТ сұрақтарында Баян Мақсатқызы не істеп жүр, Cағадиев мырза?", "Жүрсін Ерман: Мұхтар мен Болатбектің жекпе-жегін қайта жасаймыз"

2 327 просмотра

AZATTYQ.ORG. "БҚО шенеуніктері және қымбат көліктер" - Батыс Қазақстан облысы журналистері облыс әкімі жалға алу құны жылына үш миллион теңгеге жететін көлікпен жүретінін анықтады. Облыс аудандары бірінің әкімі жол талғамайтын қызметтік көлікті шамамен 80 мың долларға сатып алмақшы.

"Қытайда жұлдызға айналған Димаш" - 22 жастағы қазақ әншісі Димаш Құдайберген Қытайдағы Singer 2017 әншілер байқауына қатысып, музыкалық телеарнадан көрінген бетте сенсация жұлдызға айналды.

ZHASALASH.KZ. "«Саяси жүйеде үлкен өзгеріс жасалмайды»" - Бір ай ішінде халықтан түскен алты мың ұсынысты екі-үш күнде екшеп тастаған жұмыс тобы наурыздың бірі күні президенттің алдында есеп берді. Президент әкімшілігінің жетекшісі, реформа бойынша жұмыс тобының басшысы Әділбек Жақсыбековтің есебін тыңдаған Н.Назарбаев бұл жиынға тыңғылықты дайындықпен келіпті. Ол билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу реформасында конституцияның 23-бабы өзгеріп, түзетілетінін мәлімдеді.

"Бішкекте құлаған ұшақта Атамбаевтың «АЛТЫНЫ» болған" - Қырғызстандағы «Атамекен» парламенттік фракциясының лидері Өмірбек Текебаев «президент Алмазбек Атамбаевтың Кипр офшорындағы мүлкін тапқаны» үшін ұсталды. Бішкекте шұғыл баспасөз мәслихатын өткізген «Атамекен» партиясының заңгері Талайгүл Тоқтақұнова осылай деді. Заңгердің сөзінше, Текебаев Кипрге барған сапарында Бішкекте апатқа ұшыраған «Боинг-747» жүк ұшағына қатысты маңызды құжаттар алған.

"Мұнайдан түскен салық теңгенің тұрақтануына ықпал етті" - Ақпанда теңге бағамы (АҚШ долларына шаққандағы) 3,5 пайызға нығайды. Жыл басынан бері есептегенде 6,2 пайызға көтерілді. Жалпы, ақпанның соңындағы теңгенің бағамы 2015 жылдың желтоқсанының екінші жартысынан бергі жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Бұлтуралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. «Теңгенің нығаюына алдымен мұнай бағасының көтерілуі әсер етті. Қазір мұнай бағасы 55 доллардан асып, сол деңгейге тұрақтады.

365INFO.KZ. "Жарайсың! Үш пәтерді «басып» қалса да заңды бұзбапты" - Тұрғын үй құрылыс жинақ банктің басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова мен оның туған-туысқандарының мемлекеттік бағдарлама бойынша өте тиімді шартпен үш бірдей пәтер сатып алғаны анықталды.

ABAI.KZ. "БҒМ "қазақ тілі" мамандарын дайындамайды" - Жақында ғана мәлім болғандай, ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сияқты ең қажетті пəндер алынып тасталынды. Түсінгенге бұл қазақ үшін «26-баптан» еш кем емес, рухани апатқа бастайтын, қазақты ұлт ретінде жойылу шегіне апаратын сұмдық!

"ҰБТ сұрақтарында Баян Мақсатқызы не істеп жүр, Cағадиев мырза?" - Біздің Білім және Ғылым министрлігі "бүйректен сирақ шығаруға" шебер-ақ! Енді түлектер Жоғарғы оқу орнына түсу үшін Ермек Тұрсыновтың әрбір сұхбатын оқуға, Баян Есентаева (Мақсатқызы) мен Нұртас Адамбаевтің сыни пікірлерін қалт жібермей қадағалауға тиіс екен.

TURKYSTAN.KZ. "Реформаның түпкі мәні – халық билігінің негізін нығайту" - Ақордада билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оған қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкілхалықтық талқылауға шығарылған конституциялық реформалар жобасына қатысты ұсыныстарды жинақтау, пысықтау, талдау және талқылау жөнінде жұмыс тобының ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті.

"Ғаламтордың «ғажабына» арбалған" - Соңғы уақытта балаларды ғаламтордың кері әсерінен қорғау қажеттігі жиі әңгіме болуда. Буыны қатпаған баланы интернеттен қорғаудың өзекті мәселеге айналуы да себепсіз емес. Талай уақыттан бері алдыңғы орынға шыққан ғаламтордың пайдасы мен зиянын үнемі таразылап отырғанымызбен, кейбір сайттардың жұмысына тосқауыл бола алмай отырған жайымыз бар. Сондықтан  ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров балаларды қауіпті интернет-контенттен заңмен қорғау керектігі туралы Үкіметке үндеу жолдады.

QAMSHY.KZ. "Жүрсін Ерман: Мұхтар мен Болатбектің жекпе-жегін қайта жасаймыз" - Айтыс — Бүгінгі күннің рухани, мәдени, ақпаратты қажеттілігін өтейтін, әрі ұлт ерекшелігін танытушы, әлем елдерінен даралаушы, ұлттың ұстын генімен өрбіген, ұлт генофондондының айрықша көрінісін айғақтаушы өнер. Дәл қазіргі уақытпен бағдарласақ, қазақ халқының айтыс өнері ХХІ ғасырға аяқ басқанда өз құндылығын жоймай, керісінше жанданып келеді. Бірде ол жанкешті меценаттардың, демеушілердің қамқорлығымен өмір сүріп, өкіметтің кем-кетігін сынаушы, түзетуші, оппозициялық күшке ие, демократияның жарқын көрінісі есебінде көрінді. Енді бірде өзі тыйым салған биліктің пиарын жақсартып, халыққа жасалынып жатқан оң істерді жарнамалаушы, қол шоқпары ретінде халық пен билік арасындағы байланысты жақсартушы, жандандырушы, бағалаушы, әрі тұрақтылық пен тыныштықты орнатушы қызметтерімен де ерекшеленді.

QAZAQUNI.KZ. "Жазушы – Қоғамда мен қорқатын нәрсе көп" - Біздің заң шығаушы орындар еліміздің тұрғындарының бәрін құдды бір мәдениеті көтеріліп, өркениетке жеткен, қаржылық және тұрмыстық жағдайлары шешілген деп ойлай ма, қайдам, дамыған елдердің ұстанымдарын тықпалай беруден еш қайтар емес. Тіпті дамыған елдердің өзінде жоқ бағдарламаларды қабылдап, халықтың миын ашытуда.


2 наурыз 2017, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.