Атырау, 25 сәуір 21:38
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау қаласы ІІБ-де кадрлық өзгерістер орын алды

9 996 просмотра
Нығмет Мутигуллин
ҚР ІІМ бұйрығымен Атырау қаласы ішкі істер басқармасы бастығы лауазымына полиция полковнигі Нығмет Мутигуллин тағайындалды.

Жаңа басшыны  жеке құрамға  облыс Ішкі істер департаментінің  бастығы полиция полковнигі Аян Дүйсембаев таныстырды. Облыстың бас полицейі жаңадан тағайындалған  қалалық полиция басшысының іскерлік  қаблетін атап өтіп, қызметіне табыс тіледі.

Нығмет Саметұлы Мутигуллин 1965 жылы 31 наурызда Гурьев  /қазіргі Атырау/ облысының Еркінқала  поселкесінде дүниеге келген.

1989 жылы  КСРО ІІМ  басшы құрамды дайындайтын  Уфа арнайы орта мектебін, 1996 жылы Ресей федерациясы ІІМ Рязань жоғары  мектебін заңгер мамандығы бойынша және  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін  бітірген.

Нығмет Мутигуллин ішкі істер органдарындағы қызметін 1985 жылы  Гурьев /Атырау/ облысы Ішкі істер басқармасының қабылдау-бөлу орталығының  кезекшісі  болып бастаған. Осы жылдар ішінде  ІІО түрлі басшылық лауазымдарында қызмет  атқарған. Қазіргі уақытқа  дейін Атырау облысы  ішкі істер департаменті Анықтау басқармасы  бастығы лауазымында болды.   

Атырау  қалалық ІІБ бұрынғы бастығы  полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев басқа  қызметке ауысуына байланысты  лауазымынан босатылды. Сонымен қатар,  Атырау  қалалық ІІБ бастығының  бірінші орынбасары  полиция подполковнигі Марат Тағаниязовтың лауазымынан босатылуына байланысты,  қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары болып, бұған дейін облыс ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының  орынбасары қызметін атқарған  полиция  майоры Ринат Икласов  тағайындалды. 

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

2 наурыз 2017, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.