Атырау, 20 сәуір 02:55
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 050 просмотра

КҮРЕС

Қостанай облысының Лисаковск қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында грек-рим күресі бойынша өткен ҚР чемпионатында облыстық мүгедектер спорт клубының командасы ойдағыдай өнер көрсетті.

75 келіге дейінгі салмақта Әлібек Құсайынов күміс алқа, 80 келіге салмақта Анарбек Марксов қола алқа иеленді. Палуандарды бапкер Әнуар Өткелбаев дайындады. 

***

ФУТБОЛ

Таразда футболдан ардагерлер арасында өткен ҚР чемпионатында Атырау командасы жеңіске жетті.

Чемпионатқа еліміздің түрлі өңірінен 11 команда қатысты. Нәтижесінде Атырау қаласынан «Санжар» командасы алтын алқа иеленді. Күміс тараздық «Дантист» командасына, қола Қаратаудың «Намыс-Қазфосфат» командасына бұйырды. Қазақстанның футбол командасының президенті Сейілді Байшақовтың қолынан сыйлық алған үздік ойыншылар арасында «Санжар» футболшылары Шарабуттин Гаджимагамедов («үздік бомбардир») пен Жексембай Құсайынов («турнирдің үздік ойыншысы») бар.



2 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.