Атырау, 24 сәуір 09:42
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

3 128 просмотра

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады.

Телефон арқылы

Сұраққа «Қазпошта» АҚ АФ директоры Бауыржан ӨТЕПБАЕВ жауап берді:


– Билеттер алынған жері бойынша кері қайтарылады. Билеттерді 09.06.2017 жылға дейін қайтарған кезде толық құжаттар пакеті ұсынылған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде 100 пайыз билет құны қайтарылады. 

Көрме өтіп жатқан күндері, яғни, 10.06.2017 және 10.09.2017 жылдар аралығында билетті қайтарған кезде, 15 жұмыс күні ішінде билет құнының 50 пайызы қайтарылады. Билет құны әртүрлі: егер датасы белгіленген болса, онда жұмыс күндері 4 000 теңге, демалыс күндері – 6 000 теңге тұрады. Ал күні белгіленбеген билеттер қымбатырақ: жұмыс күндері – 6000 теңге, демалыс күндері – 8 000 теңге. Зейнеткерлер, оқушылар, студенттер, көпбалалы отбасылар үшін шынымен де 50 пайыз жеңілдік бар. Бірақ, жеңілдігі бар билеттерді көрмеге баратын күні тек кіру тобында орналасқан кассалардан ғана және жеңілдікті растайтын құжат пен жеке бас куәлігін ұсынған кезде алуға болады. Сіздің қолыңыздағы жеңілдіксіз билеттер сияқты. Оның үстіне, келушілердің белгілі бір санаттары үшін: ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін. Алайда, тегін кіру билеттерін көрменің кіру тобында орналасқан кассалардан құжаттарды көрсеткен кезде ғана алуға болады.

2 наурыз 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.