Атырау, 19 сәуір 04:52
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Конституциялық реформа және тарихи әділеттілік", "Үкіметте кадрлық ауысулар бола ма?", "Тәуелсіздік көше атауын өзгертумен өлшене ме?", "Трамп НАТО-ны қолдау мен қорғанысқа қыруар қаржы бөлуді айтты"

2 072 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Қайырхан» сотқа тартылды" - Алматыда №2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Сот отырысына Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғат Жәнібеков, «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, «Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, киноның редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, екінші режиссер Бижан Әбішев, «Феникс» фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров қатысты.

"Тәуелсіздік көше атауын өзгертумен өлшене ме?" - Теріскейде тәуелсіз ел екенімізді дәлелдеу көше мен елді мекен атауларын ауыстырудан аса алмай тұр. Шынын айтқанда, соның өзіне қолымыз жете бермейді. Айталық, оңтүстік облыстарда әкімқаралар, бай-бағландар әке-шешелерінің атына көше беріп қойғанын БАҚ беттерінен оқып жүреміз. Ал бұл жақта қазақша атауға байланысты кез келген шаруа бітпейтін дау-дамайға айналады.

AZATTYQ.ORG. "Трамп НАТО-ны қолдау мен қорғанысқа қыруар қаржы бөлуді айтты" - АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте алғаш рет сөйледі. Оның сөзінен АҚШ саясатының НАТО-ны барынша қолдауға бет алғанын аңғаруға болады. Одан бөлек, Трамп АҚШ әскерін күшейтуге қыруар қаражат бөлу туралы айтып, «Америка рухын жаңартуға» уәде берді.

"Адвокаттар құқығын кімнен қорғау керек?" - Қазақстан конституциясына заңгерлер қандай өзгерістерді ұсынып отыр? Олардың пікірінше, бұған дейінгі бар заңдар олардың құқықтарын қорғауға неге қауқарсыз? Бүгін Астана уақытымен 15:00-де басталатын AzattyqLIVE тікелей эфирі осы тақырыпқа арналады. Астанадағы студия сарапшысы – құқыққорғаушы, заңгер Бақтияр Ғалымжанов.

ABAI.KZ. "Ералы Тоғжанов: Бүгін бәрі қазақ халқына алғыс айтуы керек!" - Бүгін - Қазақстанда тұрып өмір сүріп жатқан диаспора өкілдерінің қазақ халқына алғыс айту күні. Бұл - Елбасының өзі бекіткен күн.

"Конституциялық реформа және тарихи әділеттілік" - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуінде халыққа «еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақ»  ойын, «Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу» жөніндегі  ұсыныстарын айтты. «Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр» дей келе, осы міндетті орындауға кірісу себебін былай деп өте орынды пайымдады: «Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді». Сосын өзінің «елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам» жасағанын ескертіп, «екі негізгі бағыт бойынша іске» асырылмақ реформаға түсінік берді.

365INFO.KZ. "«Билік бізді қатырып кетті!». Қарағандылық кәсіпкерлер зар илеуде" - Қарағандыда 2015 жылы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға салып берген үйлер төңірегінде дау дамай туындады.

QAMSHY.KZ. "Алаш Республикасы: 100 жылдан кейін" - Ғылыми-зерттеу институының директоры Сұлтан Хан Аққұлы Алаш Республикасының 1 ғасырлық мерейтойы ең жоғарғы ұлттық деңгейде тойлануға лайық шынайы тарихи құбылыс деп есептейді. Оның пікірінше, Алаш Республикасы 1920 жылдың тамызында құрылған қазіргі Қазақ елінің тарихи, саяси және идеологиялық негізі, іргетасы болды.

"Үкіметте кадрлық ауысулар бола ма?" - Астанада ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбаев өзінің денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен кетеді деген сыбыс тарап жүр. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жұмысына көңілі толмайтынын және премьер-министрді ауыстыру мүмкін екенін айтып жүр.

EGEMEN.KZ. "Ақша кімнің қолында болуы тиіс?" - Бауыржан Момышұлы бір сөзінде «Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақ­ша айтқанда, «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ. Онда адам­зат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз», депті. Осы сөздің мағынасына терең бойласақ, ер адамның биік белестерді бағындыруына әйел адамның қолдауы да септігін тигізгенін аңғарамыз. Бұл мә­селені енді отбасылық бюджетке қатысты қарастырып көрсек. Жалпы, әлемдік статистикадан ажырасу себеп­терінің қатарында қаржылық қиын­дықтардың бар екенін аңғаруға болады. Яғни, жас отау құрылған кезде-ақ от­басылық бюджет мәселесі туындайды.





1 наурыз 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.