Атырау, 18 сәуір 16:13
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Облыс халқының 40 пайызы бизнес саласында»

2 799 просмотра

27 ақпанда өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дияс ЖӘНІБЕКОВТІҢ қатысуымен брифинг өтті.

Өтен аптада Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ есеп беру кездесуі өтіп, дәл соның алдында әкімнің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ есеп берген болатын. Сондықтан басқарма басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне егжей-тегжей тоқтамалмай, оның пікірінше, журналистер үшін қызығушылық тудыратын жайттар туралы ғана әңгімеледі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,4 трлн теңгені құрады, оның басым (3,9 трлн теңге) бөлігін мұнай және газ өндіру құрайтыны түсінікті.

- Өсім динамикасын ерекше атап өткім келеді. Мәселен, тау-кен қазу өнеркәсібінің көлемі 2%-ға, ал 500 млрд теңге болатын өңдеу өнеркәсібі 4,4 пайызға өсті. Бұл біздің мұнай мен газ есебінен ғана өмір сүріп жатпағанымызды білдіреді. Жалпы өңірлік өнімде (ЖӨӨ) шағын және орта бизнес үлесі 14,2%-ды құрайды. Онша көп емес секілді, алайда бұл жерде біздің ЖӨӨ-дегі үлесіміз бүкіл өңір арасындағы ең көбі екенін түсіну маңызды. Мұнда өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемінің көрсеткіштері – еліміз бойынша үшінші орында. Шағын және орта бизнесте 128 мыңнан астам адам жұмыс жасайды, бұл облыс халқының экономикалық белсенді бөлігінің 40 пайызы. Яғни, іс жүзінде әрбір екінші адам бизнеспен айналысады немесе осы салада жұмыс жасайды.

Осынау қысқаша баяндамадан кейін Жәнібеков журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол, атап айтқанда, қазір әйелдердің түзету колониясында - 5, ерлер базасында - 2 бизнес субъектісі жұмыс жасайтынын, онда 90 шақты сотталушының еңбек ететінін айтты. Таяу уақытта басқарма ықтимал тапсырыс берушілер үшін осы кәсіпорындардың таныстырылымын өткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта бизнес-инкубаторды қайта жарақтаудың жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленуде. Құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін ғана қажетті қаржыландыру мөлшері айтылатын болады. 

Қазір бизнес-инкубатор базасында 24 компания жұмыс жасайды. Олардың барлығы өндірістік сипатта: жиһаз, металл құрылымдарын, қағаз пакеттер шығарады.

Ескене вагондық-сервистік станцияның тағдыры туралы сұраққа жауап бере отырып, Жәнібеков бизнесте қашан да тәуекел бар екенін, ал мұның сол жағдай екенін атап өтті. Ескене вагондық сервис орталығы облысымыздағы негізгі жер қойнауын пайдаланушылардың мұнайын тасымалдау жобасымен жасалған. Мұндағы логистикаға Украина қатысқан еді. Бірақ соңғы үш жылдағы атышулы оқиғалардан кейін бұл проблемаға айналды. Мұнай құбырының қуаттылығы көбейгеннен кейін мұнайды цистерналарамен тасымалдау қажет болмай қалды. Сондықтан енді жоба бастапқы түрінде жүзеге асырылмайды. Қазір оны жалғастыру үшін инвестицияларды қажет ететін жобалар тізіміне енгізгісі келеді. Бірақ вагондық сервис ретінде емес, логистикалық орталық түрінде.

Журналистерді «жергілікті өндірушілер өндірген Индер тұзын қашан сатып ала аламыз?» деген сұрақ қызықтырды. Жәнібековтің айтуынша, бұрынғы инвестор өз қаржысын жеткілікті есептемеген, нәтижесінде нысанды ашық саттыққа қоюға тура келген. Жаңа инвестор да отандық өндірушілер қатарынан, жобаны биыл жүзеге асыруға уәде беріп отыр.
2010-2011 жылдардағы индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанда екі нысан – «Казтурборемонт» сервис орталығы мен шприц және дәрі тамызғыш шығаратын «Брандо»  зауыты салынды. Бірақ олар күтілгендей табысты болмады. «Казтурборемонт» тұрба жабдықтарын жөндеуге бағытталған. Алайда негізгі газ құбырларында, атап айтқанда, «ИнтергазЦентральнаяАзияда» бұл жұмыс түрінің көлемі азайғандықтан, «Казтурборемонтта» проблемалар туындады. Қуаттылықтар жүктемесін іске қосып, қызметкерлерді жұмыспен қамту үшін кәсіпорын өз қызметін қайта өзгертіп, қазір басқа өндіріспен қатар металл құрылымдар өндірумен айналысуда. 

«Брандо» өнімі жергілікті нарықта сұранысқа ие болмады. «Самұрық Қазына Фармация» ЖШС тарапынан сатып алу бойынша проблемалар болды. Нәтижесінде кәсіпорын Ресей нарығына бейімделді. Ол жерде оның өнімдерінің құны Қазақстанға қарағанда жоғары. Бастысы, сұранысқа ие.

Жәнібеков қазақстандық және сыртқы нарықта табысты жұмыс жасап жатқан бірнеше кәсіпорынды санамалап шықты. Мәселен, бұрғылау жабдықтарын жөндеумен және бұрғылау қашауын сатумен айналысатын «Жігермұнайсервис» ЖШС Ресейде жұмыс жасайды және Иран мен Әзірбайжан нарығына шықпақшы. Ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жұмыс жасайтын «Полимер Продакшн» ЖШС полимерлік өнімді ҚР-да ғана емес, Өзбекстанда да ойдағыдай өткізуде. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 


1 наурыз 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.