Атырау, 24 сәуір 13:27
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сот ғимаратының алдында өзін-өзі өртеу әрекеті бір жыл бұрын орын алды

2 770 просмотра

2017 жылдың 26 ақпанында «Единая Медийная Площадка Демократических Сил Казахстана» сайтында 25 ақпанда Атырау облыстық соты ғимаратының алдында Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны өзін-өзі өртеген деген ақпарат орналастырылды. Мұндай жағдай орын алмағандықтан, аталған жағдай шындыққа сәйкес келмейді.

Ұқсас жағдай бір жыл бұрын  2016 жылдың 25 ақпанында орын алған болатын. Онда азамат Кехаев Артем Акимович туыстарынан өз үлесін ақшалай бөлу туралы іс бойынша талап  қоюшы  ретінде шығарылған сот шешімімен келіспей, Атырау облыстық соты ғимаратының алдында өзін-өзі өртемекші болған.

Оқиға орнына келген «жедел жәрдем» қызметінің дәрігерлері оның мойыны мен оң жақ білек тұсында 2-3 дәрежелі күйік бар деген диагноз қойды. Осы оқиға бойынша барлық материалдар  тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция органдарына берілді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

27 ақпан 2017, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.